Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Учебная литература
Год издания: 2017
isbn: 978-601-04-2230-8
Скачать книгу
Жалғыз ғана таңдау тізімі ауыстырып-қосқыш тобы мен ашылатын тізім арасындағы аралық нұсқа болып табылады. Элементтер саны ауыстырып-қосқыш тобынан кіші, ал ашылатын тізімнен үлкен болып келеді. Сәйкесінше, оны тек экран кеңістігінің «жалқау үнемдеу» жағдайында ғана пайдалану керек.

      Бірнеше таңдау тізімдері. Көптеген программалардың интерфейсінде іске асырылған, жеткілікті түрде ыңғайлы, ұсынылған жинақтардың ішінен бірнеше нұсқа таңдауға мүмкіндік береді.

      Комбобокстар. Комбобокс деп енгізу өрісімен тізімнің гидридтарын айтады: пайдаланушы бұрын бар элементті таңдай алады немесе өзінің элементін енгізеді. Комбобокстың екі түрі бар: ашылатын және кеңейтілген.

      Енгізу өрісі. Командалы батырмалармен, чекбокстармен және және ауыстырып-қосқышпен бірге қоса енгізу өрісі кез келген интерфейстің негізі болып табылады.

      Слайдерлер немесе жылжытқыш – ағымдағы күйді көрсететін индикатордан (жылжытқыш) және өзгерілетін параметрдің мүмкін болатын мәндерін көрсететін (мысалы, бейненің жарықтығы мен кереғарлығы), айналдыру жолағынан тұратын (slider bar) басқару элементі. Слайдерлер горизонтальды немесе вертикальды болуы мүмкін, ал индикатордың жылжуы квантталған немесе квантталған емес болуы мүмкін. Егер пайдаланушыға жақсы реттелген қатардан мән таңдауға мүмкіндік берсек, қатарда мәндер көп болса немесе пайдаланушыға мәндер қатарын жіберу керек болса, онда жылжытқыштар ауыстырылмайды.

      Спиннер (spinner, little arrow) – пайдаланушыға қандай да бір шамалардың мәндерін үлкейтуге немесе кішірейтуге мүмкіндік беретін басқару элементі. Спиннер сондай-ақ аса әмбебап емес, мәтіндік дерек енгіздірілмейтін, бірақ екі пайдалы мүмкіндікке ие енгізу өрісін қамтуы мүмкін.

      Біріншіден, спиннерге мән енгізу үшін пайдаланушыға міндетті түрде тінтуірді тастап, қолдарын пернетақтаға бағыттаудың (қарапайым енгізу өрісіне қарағанда) қажеті жоқ. Өйткені қолды бір орыннан екінші орынға алмастыру салыстырмалы түрде көп уақыт алады. Мәнді спиннерге пернетақта арқылы енгізу сирек кездеседі, яғни пайдаланушылар спиннерді толықтай дұрыс қабылдайды.

      Екіншіден, мәнді тінтуірмен енгізу кезінде жүйе пайдаланушыға тек дұрыс дерек енгізуге рұқсат беруі мүмкін, дұрыс форматта болуының құндылығы осында. Бұл адамның қателесу ықтималдығын төмендетеді. Сонымен, спиннерді пайдалану кез келген сандық мәндерді енгізуде өзін ақтады десек болады.

      Мәзір – бұл пайдаланушы мен жүйе арасындағы әрекеттесу әдісі. Пайдаланушы жүйеге өзінің командасын ұсынбай, керісінше оған ұсынған нұсқа арасынан таңдау жүргізеді. Сәйкесінше, бірнеше батырмадан тұратын сұхбат терезесі де (және ешбір енгізу өрісі болмаса да) мәзір болып есептеледі.

      Мәзірдің бірнеше жіктелуі кездеседі, бірақ негізгі қызығушылық тек олардың екеуінде ғана болады. Бірінші жіктеу мәзірді екі типке бөледі:

      – статикалық мәзір, яғни тұрақты түрде экранда орналасатын мәзір. Мәзірдің осындай типіне