• манвантара
• кальпа
• юг
• пралая
• Махапралая
Пайда болған әлем “Брахманың Жұмыртқасы” деп аталады. Ведалық философия Брахманның (яғни Абсолют құдайының) коцепциясын әр адамның өзіндік қабылдауымен тығыз байланысты. Сонымен қатар Упанишадтарда Атман мен Брахманды бірдей, яғни бір деп біледі.
Брахман әдебиетінде брахман ұстаздардың өзіндік құлшылықтары баян етілген. Діни-фәлсафалық шығармаларда монистік концепциялардың көрінісі табылса, Упанишадта индуизм философиясының мистикалық концепциясы берілген. Упанишад – ұстаздың қасында отырып, қасиетті ілімді меңгеру деген тұжырым ашып түсіндірер болсақ, упанишад
– Веданың бір бөлігі, қасиетті индуизмнің шрути категориясына бұл жазуларда философия, медитация және құдайдың табиғаты туралы Упанишадта Веданың ең басты түйіні жазылғандықтан, оны кейде «веданта», яғни Веданың соңы деп атайды. Упа उप (қасында), ни (астында) және шад (отыру), яғни ұстаздың қасында отырып, дәріс алу деген мағынаны білдіреді. Макс Мюллер упанишад іліміне «гурудың жанында отырып, жасырынды білім алу» деп тұжырым берсе, үнді зерттеушісі Шанкар «упанишад», квип жұрнағының – упа деген жалғауына қосылуы негізінде пайда болған. Сол себептен бұл ұғым – «білімсіздіктен рухани жолды тани отырып арылу» деген тұжырымға сай келеді деп тілге тиек етеді. Упанишадты үйренбей, самхиттің басқа бөлімдерін меңгеру әсте мүмкін емес делінген. Сондықтан самхит жинақтарын оқып-білуге тек ашрамды (рухани тазалықты) меңгерген адам ғана жіберілген.Б.д.д. VІII-VІ ғғ. б.д. IV ғ. упанишад кезеңі болып саналады. Олар брахманизм жүйесіне негізгі бөлім болып кіреді және діни-философиялық ойлардың дамуындағы ведадан кейінгі кезең болады. Упанишадтар Веданың қорытынды бөлімін құрайды. Упанишадтың негізгі түсінігі – Брахман және Атман. Олар да пуруш, карма, сансар туралы түсінікті өрбітті. Мұнда ілім алу екі жолмен көрсетіледі: құдай және ата-баба жолы. Упанишадта ілімнің үш қасиеті: пракрит, пран және олардың түрлілігі жайында элементтер айтылады.
Упанишадта әлемнің мәнін терең ұғынуға деген ұмтылыс, діни, догматтық түсініктерге сүйене отырып өрілген ақыл-ой басым болды. Болмыстың субстанциялық негізін рационалды іздеу, адамның рухани құқықтық әлеміндегі күрделі ұғымдар мен категориялар, қайғы-қасіреттің мәнін түсінуге бағытталатын талыпыныстың бәрі упанишадтың рационалды рухани ізденістерінің өзегіне айналады. Упанишад бойынша әлімнің бастапқы түпнегізі Брахма болып табылады. Брахма Атманмен біртектес, тұлғасыз мәнділік [18, 12 б.].
Упанишад ілімі бойынша үнді философиясының сырын түсіндіретін төмендегі қатарларды атап өтсек:
– Атман мен Брахман;
– Брахман мәңгі өмір сүргенімен оның еш формасы жоқ;
– Әлем бұл – елес;
– Жан сансарадан өтеді және келешек ғұмыры оның өткен кармасына байланысты болады;
– Жан азаптан құтыла алады;
Упаншад