. . Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор:
Издательство:
Серия:
Жанр произведения:
Год издания:
isbn:
Скачать книгу
танымал [46, 39-45 бб.].

      Енді жоғарыда берілген анықтамаларға сүйене отырып, Үнді мифологиясындағы елеулі орынға ие болған құдайлар пантеоны «Үштік» – Брахма, Шива, Вишну бейнелері және олардың атқаратын функциялары жайында сөз қозғай отырып, Брахма туралы берілген Ригведадағы (Х, 125) мына түсінікке көңіл аударайық:

      Бұл дүние бастапқыда Брахманға ұқсады. Брахман өзінен құдайларды жасады. Ол жаратқан құдайларды дүниемен араластырып, бұл дүниеге Отты, ауа кеңістігіне Желді, аспанға Күнді көтерді.

      О баста құдайларда мертігетін, өлімге ұшырайтын болған. Олар Брахман арқылы осы (дүниеге) жеткендіктен мәңгілікке айналды [37, 83 б.]. Осы түсіндірмеден-ақ, біз Брахманың зор күшке ие екендігін, барлық жаратылыстың бастауы содан екендігін көреміз (үнділердің түсінігімен қарағанда).

      Үнді «Үштік» құдайының ішінде маңызды орынға ие бірденбір құдай – Брахма. Махабһаратада Брахма әлем жаратылысы туралы ойланғанда Вишну кейпінде эмбрионадан пайда болған деседі.

      Үнді күн тізбесі бойынша 1 тәулік 2,160,000,000 жыл теңдікті көрсететін әлемді Брахма жаратты. Брахма оянған кезде тіршілік жанданады. Бұл жаратылыс Брахма өмірінің соңына дейін жалғасын табады. Брахманың дәуірі тамамдалған кезде, бүкіл жаратылыс жоқ болады, – деп түсіндіріледі [47, 37 б.].

      Брахма құдайының дене бітімі, оның қару-жарағы мен көліктері жайында берілген аңыздарға тоқтала кетудің де реті келіп тұр.

      Брахманың 5 басы бар. Оның бесінші басы қызық аңызға толы. Доктор Винайдың аңыздық зерттеу еңбегіне сүйенсек [48, 81 б.], Брахма алғашында бір басымен билік жүргізген. Брахма денесінің бір мүшесінен жүзі дидарға толы Сатарипа әйелін жаратқан. Кей деректерде ол Савитри немесе Сарасвати деп берілген. Брахма өзі жаратқан әдемі әйел жаратылысынынан көз ала алмайтын күй кешуге душар болып, Сарасватиды өзгенің көзінен таса ұстау мақсатында биікке орналастырады. Ал оны бақылап тұру үшін өзінің оң жағынан, сол жағынан және артынан бастар жаратты. Сарасвати оның сұқтанған көздерінен жасырыну үшін одан да биікке көтеріледі. Сол биіктен қарау үшін Брахма 4 бастың үстінен 1 бас тағы да жаратады. Осындай жолмен Брахма 5 басқа ие болған деседі.

      Брахмада 4 қару-жарақ бар. Ол лотос гүлін ұстап жүруімен қатар скипетр, моншақ, қасиетті суға толы шарды да өзімен алып жүретін болған. Сондықтан да оны Чатуранама немесе Чатуртикха және Аштакария (18 құлақ) деп атады. Көбінесе оны орта жастағы сақалды адам кейпінде суреттейді.

      Брахманың көліктері – аққу мен қаз. Олар білім символы ретінде танылады. Сондықтан да оны аққуда көп серуендейді дейді (Ханса-вахана). Ол бүкіл білімнің қайнар бұлағы, ал әйелі Сарасвати білім құдайы болып саналады. Пурананың құрбандық салтанатына қатысқан Дакша Брахманың бармағынан жаратылған деседі. Брахманың одан басқа 4 ұлы болған. Ол Ахалияны жаратқан. Ахалия кейін аспан шарабының патшасы болған Индраның кейпінде болады, – деп үнді ғалымы, доктор Акшивани Парашвар айтады [49, 83 б.].

      Брахманың тағы бір есімі Вираж, яғни жұмақта тұратындарды басқарады. Аңыз бойынша Вираж