Бэла Ахметова: Өнегелі өмір. 28-шығ. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2013
isbn: 978-601-04-0187-7
Скачать книгу
әкең үшін оқы, тіпті бабаң үшін оқы!» деген ой тастапты. Міне бұл ұлысқа өсиет, ұрпаққа өнеге сөз. Осы ретте «сол білімге, ғылымға жетер жол қайсы?» деген сұраққа аялдап, ұлылар ұлағатын тағы бір мәрте жүгіне кетейік. Халқының қасиетті ұлы Жүсіпбек Аймауытов өзінің пікірінде: «…адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім, қайраттың арқасында ғылым, білім, өнер танып, өзгеден үстем, дүние жүзінің қожасы болып отыр», – деп жазады. Қытайдың білгір саясаткер, данышпа- ны Дэн Сяупин: «Өркениетті ел болудың кілті – ғылым мен техниканың дамуында жатыр. Ал, ғылым мен техниканың дамуы – білім беру сапасымен байланысты» деген байлам жасайды.

      Біздер өмір бойы жұп жазыспастан білім мен ғылым жолында талмай ізденіспен өткізген елу бес жылдай ғұмырымызда ұлылар мен ұлағатты ғұламалардың осы айтқан өнеге-өсиеттерінен, қағидаларынан бағыт-бағдар алдық. Одан ұтпасақ, ұтылған жоқпыз. Ұзақ жылғы ғылыми ізденістер мен аянбай төккен тердің арқасында ұлағатты ұстаз, үлгілі тәлімгер болдық. Екеуміз кемел білім мен халқымызды қалтқысыз сүйген үлкен жүректің иесі болдық. Екеуміз таза еңбегімізбен бүкіл саналы ғұмырымызды туған халқымызды рухани жоғары тұрғыдан кемелдендіруге арнадық. Екеуміздің қолымыздан шыққан қомақты монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары мен зерттеу мақалаларымыз оқырмандарды қашан да ғылыми және тәрбиелік талғамның тереңдігімен, айтар ойымыздың қанықтығымен, пайымдауларымыздың тосындығымен баурады.

      Енді, Республикамызға танымал сатирик-ақын Нұртан Төлепбергенұлының біздерге арнаған өлеңінен үзінді келтірейін:

      Болжап ап алдын ала алыс қырды,

      Өтеғали қадамын шалыс бұрды.

      Қазақтың озық ойлы бір қызына,

      Мәңгілікке тағдырын табыстырды.

      Мәскеуде өткен күндері әлі есінде…

      Жас ғалымға үйленді Бэла есімді.

      Ядролық физика саласында,

      Мемлекеттік сыйлық алғаны ел есінде.

      Әлем жұрты таң қалып қазағыңа,

      Танымал боп Кеңестер Одағына,

      Физика-математика ғылымында,

      Қорғады абыроймен атағын да,

      деп өмірдеректерімізді біраз өз жырына қосқанындай-ақ, Бэла ядролық физика саласында Республикамызда ірі ғалым болды, әрі осы салада көп ұлттар қыздарының арасынан шыққан жалғыз Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.

      Осы жыр жолдарында айтылғандай, ол расында да қазақтың озық ойлы, бұрынғы Кеңес Одағында, қазіргі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастық елдерінде танымал қарапайым қазақтың ғылымындағы бір қызы болды.

      Адал жар, балаларым мен немерелерімнің жанындай жақсы көріп өткен ол расында да, ой-парасаты жағынан да, мейірім-шапағаты жағынан да жан-жақты, үлкенге инабат- ты, кішіге мархаббатты жан болды.

      Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай,

      Көл-дария секілді пейілдері-ай.

      «Абысын тату болса ас көп» деген,

      Мақалдың айтылуы тегін бе еді-ай,

      демекші, жасынан қазақтың келіндеріне тән көл-дария пейілді, абысындарымен тату-тәтті, дастарқаны әрқашан да берекелі,