Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2013
isbn: 978-601-04-0165-5
Скачать книгу
қонақ қылады. Ал «Российская газета» басылымы астананы қорғаған қазақстандық жауынгер жайында көлемді мақала жариялайды.

      Жылдар өз ретімен зымырап өтіп жатыр, ал Ұлы Отан соғысының тарихы Ғ. Жұматовтың артта қалған ұзақ та жемісті, қилы-қилы кезеңге толы еңбек жолы сияқты артта қалуда. Бірақ соғыс әрі еңбек ардагері Ғаббас Жұматов әлі де біздің қатарымызда, көппен бірге еліміздің жарқын болашағы үшін мәңгілік жауынгерлік сапта тұр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төралқасыАлматы, 2001 ж.

      МҰРАҒАТ ҚҰЖАТТАРЫ

      ТЕКТІӘУЛЕТТІҢ ТАРЛАНДАРЫ

      МЕН ӨСКЕН ОРТА ЖӘНЕ ӨМІРДІҢ КЕЙБІР СӘТТЕРІ

Ғаббас ЖҰМАТҰЛЫ

      XX ғасырдың басында біздің округтен қазақтарда азаматтық ахуал туралы жазба деректер болмаған. Дүниеге жаңа келген баланың алғашқы өмір анықтамасы сол кездегі ерекше оқиғаға байланысты есте қалатын. Осындай жағдайда әкемнің айтуынша мен 1918-1920 жылдары болған жұт кезінде туыппын. Ол жылдары малды сақтап қалу өте қиын болған, кейбір жанұяда аша тұяқ та қалмаған. Қазақтың әрбір үйіне аштық, ауру ене бастаған, осындай ауыр жағдайды халық есінде ұзақ сақтады. Сөйтіп біздің, үлкен жанұямыз менің дүниеге келген кезімді 1918 жылдың қыркүйек айы деп есептейді.

      Мен Қазақстан Республикасының орталық өңіріндегі Павлодар облысының, сұлу да, өте көрікті жері Баянауыл ауданында (ескіше Семей губерниясы, Павлодар уезі, Ақбеттау болысы № 2, кейінірек № 10 ауыл делінген) туып өстім. Павлодардың қатқыл даласының бір пұшпағында орналасқан бұл ғажайып көгалды алқап өзінің жұмсақ климатымен жұртшылықты қызықтырып, оларды қиял дүниесіне шомылдырады. Табиғаттың өзі тастан қашап жасаған таңданарлық биік құз жартастар, тау қуыстары мен үңгірлер сирек кездесетін қатпар-қатпар болып өте әдемі көрінетін тау жыныстары табиғаттың қайталанбас сұлулығын суреттейді. Көптеген көлдер, қайнар көздер мен мөлдір бұлақтар, ғажайып кең байтақ жасыл алқап, сай-сала міне осының бәрі адамның жан