ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Электронды оқу құралы. Ө. Әбдиманұлы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Ө. Әбдиманұлы
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Культурология
Год издания: 2011
isbn: 978-601-04-2710-5
Скачать книгу
жақсы бағдарлап, қазақ поэзиясына енгізген…” деп жазады. Мағжан аудармалары өлеңмен ғана шектеліп қалмайды. Ол М.Горькийдің “Сұңқар жыры”, “Жұртын сүйген жүрек” (“Старуха изергиль”), “Ана”, “Темірді жұмсартқан ана”, “Хан мен ұлы” әңгімелерінде қазақша тәржімалады.

      Мағжан романтизмінің түп төркіні Батыстағы Байрон, Гейне, А.Мицкевичтен, Ресейдегі Пушкин, Лермонтов, Баратынский, А.Блок, М.Горькийден келіп шығады деген Жүсіпбек пікірі шындыққа жанасымды екенін Мағжан шығармашылығы дәлелдеп отыр.

      Романтизм демекші, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде сыншыл реализммен қабаттаса осы әдісте өзіндік деңгейде көрініс тапты. Кейінгі кезде біз бұл әдісті тек Мағжан шығармашылығына қатысты сөз қылып жүргенімізбен, ол көптеген творчесвтолық тұлғалардың шығармашылығынан берік орын тепті. Мәселен Шәкәрімнің кең құлашты “Еңлік-Кебек”, “Қалқаман-Мамыр” эпикалары, Сұлтанмахмұттың “Кеш”, “Жазғы қайғы”, “Түсімде”, “Жас жүрек” өлеңдері асқақ романтизмнің озық үлгілері болып табылады.

      ХХ ғасыр басындағы әдебиетіміздің дүниежүзілік әдебиетпен байланысын айтқанда, Мағжан поэзиясындағы сентиментализм, символизм сарындарының сол байланыс арқылы енгенін атауымыз қажет. Аударма жасау барысында Мағжан орыс символистерінен өзіне жаңа өрнек, үлгі іздеген. Жаңашылдыққа, әсемдікке жаны құмар ақын өзі аударған шығармалардан қазақ құлағына тосын естілетін жаңа тараптарды, сөз тіркестерін, ішкі мағынаны іздеп табады. Оны әрлеп, жаңғыртып, жандандырып оқырманына жатсынбастай етіп ұсынады.

      Жүсіпбек Аймауытов бағалағандай, Мағжанның төл шығармалары, аудармалары қазақта бұрыннан бар әдістер мен тәсілдерге символизм, сентиментализм ағымдарының элементтерін енгізіп, европалық әшекейімен безендіре түсті.

      Сонымен, тәржімалар арқылы әдебиетшілеріміз орыс және әлем әдебиетінің озық үлгілерімен қазақ оқырманын таныстыра отырып, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін де ашуға тырысты. ХХ ғасыр басында жасалған тәржімалар әдебиетті кең өріске шығарып, өз бетімен ізденуге жол ашты. Прозадағы сан-салалық тереңдік, суреткерлікке баса мән беріліп, өлеңдегі әуезділік, ырғақ, ұйқас, айшықтау, құбылту, бейнелеу тәрізді поэзияның көркемдік құралдары жетілдіріліп, поэзия құдіретін айқындайтын әдіс-тәсілдердің әлем әдебиеті жеткен өресіне бағыт ұстау қазақ әдебиетін жаңа бір белеске шығарғандай еді.

      Жаңа жанрлардың өркен жая бастауы. ХІХ ғасырдағы Абай қара сөздерінің, Ыбырай әңгімелерінің ізімен ХХ ғасырдың басында қазақ ұлтының болмысын қара сөзді шығармалар арқылы суреттеуді мақсат тұтқан Міржақыптың, Спандиярдың, Сұлтанмахмұттың ұмтылыстары өз нәтижесін бермей қалған жоқ. Қазақ прозасының қанатын кеңге жая бастағанының куәсіндей роман жанры дүниеге келді.

      Міржақып Дулатов жазған қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман – “Бақытсыз Жамал” 1910 жылы дүниеге келді. Оған қанаттаса өздері роман деп атаған Т.Жомартбаевтың “Қыз көрелік” (1912), М.Кәшімовтің “Мұңлы