Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау. Назгүл Дaлaбaевa. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Назгүл Дaлaбaевa
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Химия
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-2272-8
Скачать книгу
қаныққан өлі жерлер көптеген теңіздерде кездеседі. Кейде теңіз толқындары арқылы олар жер бетіне жақын көтеріледі, сол кезде түсініксіз құбылыстар байқалынады. Перу жағалауына жақын жерде жүзетін, аппақ қардай теңіз лайнері бір түннің ішінде-ақ қара түске ауыса алады. Бұл құбылыс «перулік суретші» деген ерекше атқа ие болды. Білмейтін кісі мұны «теңіз әзәзілінің» әрекеті деп қабылдауы мүмкін. Шындығында, бұл күкіртсутектің әсерінен болатын құбылыс, ол теңіз суынан бөлініп, аппақ қардай қорғасынды бояуларды қара түсті қорғасын сульфидіне айналдырады.

      Күкіртсутек осыған ұқсас операцияны күміспен орындайды, ол күмісті қара түсті күміс сульфидіне айналдырады. Өткен ғасырларда теңіз суларында қаншама қанды соқтыстар болаған, теңізшілер жарқыраған күміс заттардың орнына қара бұйымдарды тапқан. Сол сәтте сиқыршыларды шақырып, өзара айыптап, оларды өзара ұрып соғып, күдіктілерді қатаң жазалаған. Шынайы кінәлі – күкіртсутек – ешкімнің күдігінде болмады.

      Күкіртсутектен басқа жалпы формуласы H2Sn-нен жиырмадан аса поликүкіртсутектер бөлінген, мұндағы n = 2 – 23.Бұл жағымсыз иісті зат сары және қызыл-сары сұйықтықтар. Ондағы күкірт атомдары сутек атомдарымен зигзаг тәрізді тізбектер түзіп, бір-бірімен байланысқан. Мысалы:

      Молекулалардың аз полярлығынан олардың бәрі суда нашар ериді және одан да нашар диссоциацияланады. Бірақ сонда да персульфид тұздарын түзіп, қышқылдық қасиет көрсетеді. Поликүкіртсутектер мен олардың тұздарының көбісі S-S байланысының әлсіз болуынан тұрақсыз. Қарапайым сақтаудың өзінен олар күкірт элементін бөлу арқылы таралады.

      Күкірттің ұқсастары: селен, теллур, поллоний – сутекпен күкіртсутек сияқты қосылыстар түзеді: H2Se, H2Te, H2Po. Қалыпты жағдайда олар түссіз улы газдар. Олардың улылығы күкіртсутекке қарағанда үш есеге көп, сондықтан олармен жұмыс істеген кезде өте мұқият болу керек. Суда селенсутек пен теллурсутек күкіртсутекке қарағанда жақсы ериді және түзілген қышқылдар күкіртсутекке қарағанда жақсы диссоциацияланады. Мысалы, селенсутек қышқылының диссоциациялану дәрежесі 4 %-ға, теллурсутек қышқылының диссоциациялану дәрежесі 15 %-ға дейін жетеді. Бұл H2S-H2Se-H2Te қатарындағы молекулалардың тұрақтылығы төменуімен, химиялық байланыстарды үзу энергиясы азаюымен және сумен протонды тартып алу жеңілдеуімен байланысты.

      Соңғы онжылдықтарда химиктер поликүкіртсутектердің ұқсастарын анықтады. Дәлірек айтсақ: жалпы формуласы H2Se болатын полиселенсутектер мен жалпы формуласы H2Te болатын полителлурсутектерді анықтаған. Олар әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді, сонда да олар мынадай тұздарды түзеді: Na2Se, Na2Te және т.б.

      Поллонийдің радиоактивтілігі күшті болғандықтан оның кейбір ғана қосылыстарын зерттеп, бөліп алуға мүмкіндік болды. Олардың ішінде H2Po – поллонийсутек. Ол поллонийдің сутекпен тікелей қосылуы арқылы алынған. Сонымен бірге оның кейбір тұздары – поллонидтер бөлінген. Поллонидтер туралы ақпараттар әзірше