Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау. Назгүл Дaлaбaевa. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Назгүл Дaлaбaевa
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Химия
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-2272-8
Скачать книгу
күресте қару ретінде қолданатын өсімдіктердің 800-ден астам түрі белгілі. Көптеген өсімдіктер ванилин, феруленді, оксибензоин, фумар қышқылдарын және т.б. қышқылдарды өсімдіктің басқа түріне қысым көрсету мақсатында бөледі. Өсімдіктердің өз-өзін улау жағдайлары да тіркелген болатын.

      Әрине, өсімдіктердің басты жауы – бұл оларды жейтін жануарлар. Олардан қорғану үшін тек тікенектерін ғана емес, химиялық заттарды да қолданады. Бірақ жануарлар да эволюция арқылы уыттарға қайтарғыш өндіреді. Мысалы, ешкілар темекіні жесе де, одан зардап шекпейді. Оларға никотиннің әсері әлсіз екенін байқаймыз. Ал сиырлар оның әсерінен тіпті өліп кетуі де мүмкін. Бұландар кейде шыбынжұтты жейді, бірақ одан өлмейді. Керісінше, олар шыбынжұтты жеу арқылы өздерінің бір «сырқатын» емдейді екен.

      Бірақ қышқылдардың табиғаттағы ең маңызды қызметі тау жыныстарын бұзу мен топырақ жасау болып табылады. Таулы және тау етегінде орналасқан аудандарда мүктер мен қыналар қаптап кеткен қойтастарды (мұз дәуірінен қалған тау жынысты үлкен домалақ тастар) кездестіруге болады. Егер қойтастың бетін ақырын алып тастаса, онда мүктер қабатынан ұнтақтарды байқауға болады. Қалайша гранит – беріктік белгісі – сосын одан топырақ пайда болатындай ұнтаққа айналып кетті? Бұның бәрі қыналардан бөлінетін қышқылдардың әсерінен екен. Оларды қына қышқылы деп атайды екен.

      Басқаша айтқанда, тек қыналар ғана емес, басқа да көптеген өсімдіктер топырақ ұнтақтарын ерітіп (қышқылдар қатысынсыз), олардан өздеріне керек мыс, кобальт, темір, бор, никель, марганец және т.б. микроэлементтерді алады.

      Қышқылдардың адам ағзасындағы рөлі өте маңызды және алуантүрлі. Аскорбин, фоли, орот, пангам, никотин және т.б. қышқылдары дәрумендер болып табылады. Фосфор қышқылы өзінің кальцийлі, магнийлі және стронцийлі тұздары түрінде сүйектің, тістің және тырнақтың негізгі құраушы материалы болып табылады. Аминқышқылдары бір-бірімен әртүрлі сәйкестікте қосылып, көптеген ақуыздарды түзеді. Ал олардан өз кезегінде біздің ағзамыздың барлық тіндері құралады. Адамның алмасу өнімдерінде сүт, алма, янтарь, сірке және т.б. қышқылдар бар.

      Тұз қышқылының жұмысы да аз емес. Ол асқазанда пепсиноген ферментін белсендендіреді, бұл фермент өз кезегінде асқазанның қосымша бөліктеріне тағам арқылы түскен басқа ақуыздарды бөледі. Сосын бұл бөліктерден біздің жасушаларымыз, біздің ағзаға қажет, өздерінің ақуыздарын құрады.

      Сонымен қатар, тұз қышқылы күшті бактерицид. Асқазанға тағам арқылы түскен бактериялардың көбісі тұз қышқылының әсерінен жойылады. Сондықтан дәрігерлер емделушінің асқазан шырынының қышқылдығы төмен болғанына бекер уайымдамайды. Бұл жағдайда емделуші тұз қышқылының әлсіз ерітіндісін ішуге мәжбүр.

      Арам өлікпен қоректенетін құстардың асқазан шырынының қышқылдығы өте жоғары екендігі қызық. Бұл оларға миллиардтаған микробтармен күресуге көмектеседі.

      Асқазандағы қышқылдың мөлшері