Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Клара Қабылғазы
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Культурология
Год издания: 2017
isbn: 978-601-04-2164-6
Скачать книгу
Жетекшісі – Құралай Жұмахан, жүргізуші-редакторлары: Гүлден Қабиолдақызы, Лаура Омарқызы, Мұхамедияр Рашай, Әйгерім Оралбекқызы.

      Адамның басынан өткеріп жатқан тағдыры шындықпен шынайы жазылатын әдеби-көркем шығарма «Өмірдің өзі новелла» деп аталады. Әдеби-көркем тілмен жазылатын сазды хабардың авторы – Ләззат Қапышева. Қазақстанға еңбек сіңірген әртіс Сауық Жақанованың оқуында беріледі. Хабардың тыңдарман аудиториясы өте үлкен, Қазақ радиосының сайтында өзіндік орны бар хабар.

      Алматы студиясынан Мұрат Мұқаштың жетекшілігімен шығатын «Табиғат және біз» хабарында Елбасы Жолдауына сай, бәсекелес елдермен тең түсу жолында елде дені сау халықтың өмір сүруі, олар өмір сүріп отырған қоршаған орта экологиясының тазалығы, мемлекетіміздің басты назарында болып отырған халық тұтынатын табиғи өнім шығарып жатқан зауыттар мен фабрикалардың жағдайы, олардың тыныс-тіршілігі баяндалады. Хабардың форматы экологиялық, қоғамдық-танымдық, редактор-жүргізушісі – Алма Серікқали.

      Қоғамдық-танымдық хабар «Менің елім» бағдарламасының мақсаты – еліміздегі этносаралық достықты, ынтымақты насихаттау. Хабар барысында елімізде мекен етіп жатқан өзге этнос өкілдері біздің ана тілімізді қаншалықты меңгеріп, ата-дәстүрімізді қаншалықты сыйлайтындығы, әдебиетмәдениетімізден қаншалықты хабардар екені сөз етіледі. Сонымен қоса хабар кейіпкері өз ұлтының дәстүрі мен әдебиет-мәдениетін баяндай отырып, ата-бабасының немесе өзінің Қазақстанға қалай қоныс аударғаны жөнінде әңгімелейді. Хабардың қай кейіпкерінен болмасын қазақ халқына деген ықыласпейіл, ризашылығы айқын аңғарылады. Жүргізушісі – Мөлдір Жанбаева.

      Бүгінгі ұрпақ санасына халқымыздың рухани құндылықтарын сіңіру, қазақтың салт-дәстүрі мен дүниетанымындағы ерекше құбылыстарды; этнографиялық құндылықтарды уақыт ағымына сай екшеп, көпшілік тыңдарманға ұсыну сияқты мақсаттар – «Қазақтың қазынасы» бағдарламасының негізгі бағыты. Белгілі мәдениеттанушы ғалымдар, тарихшылар мен этнографтар қатысады. Мәдени-танымдық хабардың жүргізушісі – журналист Мақсат Мәліков.

      Әлеуметтік-танымдық бағыттағы «Қарттарым аман-саумысың?» атты хабар қарияларға қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны ақпараттық тұрғыдан сүйемелдеу бағытында жүргізіледі. Хабарда еліміздегі көргені көп, түйгені мол қазыналы қарттарымыздың әлеуметтік жағдайы туралы әңгіме болады. Астана, Алматы қаласындағы қарттар үйінің тұрғындары мен жалғызілікті қарт адамдардың бүгінгі жай-күйі қамтылады. Сонымен қатар еліміздің өзге аймақтарындағы қариялардың өмірі, 80-нен асқан, 100 жасқа келген қарияларға үкімет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлық мәселесі де хабарға арқау болады. Жүргізуші – журналист Гүлбану Алпамысқызы.

      Бүгінгі ұрпақ санасына халқымыздың рухани құндылықтарын сіңіру, қазақтың салт-дәстүрі мен дүниетанымындағы ерекше құбылыстарды таныту, этнографиялық құндылықтарды уақыт ағымына сай саралап, көпшілік тыңдарманға ұсыну «Қазақтың қазынасы»