– Валюта – қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы қарызды реттеу;
– Өндіріс, экспорт, импортты оңтайландыру;
– Шетел капиталын пайдаланатын кәсіпорындардың дамуы мен қызмет істеуін реттеу;
– Жабық, құпия, комерциялық құпияны және басқа да ақпаратты, меншіктік зияткерлікті қорғау жүйесін құру;
– Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік пен тәуелсіздікті қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік басқару органдарының жүйесін ұйымдастыру.
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылымдық инвестицияның, валюталық-қаржылық, экспорттық-импорттық, кедендік институционалдық және кадрлық саясатты, экономикалық реформаларды құқықтық қамтамасыз ету талап етіледі. Ұлттық қаупсіздік мемлекеттің тұтастығымен өмірін қамтамасыз етуден, елдің қажеттіліктерінің жиынтығын білдіретін, мемлекеттің ұлттық мүддесімен анықталады. Кез-келген мемлекеттің негізгі ұлттық мүдделеріне мыналар жатады:
– елдің аумақтық тұтастығы;
– мемлекеттің егемендігі;
– елдің және халықтың экономикалық өркендеуі;
– әлемдік қауымдастықта лайықты орынға ие болу т.б.
2. Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік құрылымы мен факторлары
Қазіргі жағдайда әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікке қол жеткізу, ең алдымен экономиканың қауіпсіздігіне сүйенеді, яғни ол Қазақстанның даму стратегиясының негізгі маңызды бағыттары. Экономикалық және саяси тұрақсыздық, Қазақстан мен тек әлеуметтік экономикалық байланысты емес, сонымен бірге ондаған жылдар бойы ұлтаралық және жеке байланыстармен қарым-қатынасатын көршілес мемлекеттердегі ұлтаралық шиеленістер, республикадағы жағдайға теріс ықпалын тигізеді.
Еңбекті аймақтық бөлу және орталықта жоспарлау жылдарында қалыптасқан өнеркәсіптік және минералдық шикізаттан және қайта өңделетін кейбір өнімдерден басқалары өнімдерді өткізудің альтернативті рыногының болмауы, өндірістің технологиялық артта қалуы, оның өтелмейтін монополиялануы мен шоғырландырылуы ел экономикасын қауқарсыз етеді. Ол экономикалық тетіктерді, республикалық саяси қысым жасау үшін, Қазақстаннан басқа елдермен қарым-қатынасындағы ұлттық мүдделерге қысым жасауға пайдалану мүмкіндігін тудыруы тиіс. Сондықтан да, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік – азаматтардың әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында аз еңбекті шығындай отырып, шикізат ресурстары мен қоршаған ортаны табиғи қорғап, пайдалану арқылы елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ету, яғни әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік – тек ұлттық мүдденің қорғалуы ғана емес, сондай-ақ Үкімет институттарының отандық экономиканы дамытудағы және қоғамның әлеуметтік саяси тұрақтылығын сақтап тұрудағы ұлттық мүддені қорғауға қабілеттілігі және даярлығы болып табылады.
Өз қауіпсіздігін ішкі және сыртқы саясаттың шешуші звеносы ретінде қарастыратын көптеген