Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Өтеғали Шеденов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2014
isbn: 978-601-04-0673-5
Скачать книгу
шетел тауарларының контрабандасымен күресті жүргізетін кеден және шекара қызметкерлеріне түседі деп болжайды.

      Кейнсшілдер ұлттық экономика үшін негізгі қауіптер шетел тауарларының бәсекелесі емес, жұмыссыздық және экономикалық тоқырау болып саналды. Осы қауіптермен күресу үшін үкіметке шаруашылық қызметін белсенді реттеуді тек субсидия мен мемлекеттік тапсырыстарды үлестіріп беру арқылы ғана емес сонымен қатар, бәсекелестікті тікелей әкімшілдік басқару мен бағалау орнату арқылы жүзеге асыруды ұсынды.

      ХХ ғ. екінші жартысында кейнсшілдердің әсері азайып, неоклассикалық экономикалық теорияның приоритетті әсері пайда болды. Егер кейнсшілдер мемлекеттік реттеуді дұрыс деп үміттенсе, ХХ ғ. екінші жартысындағы неоклассиктер оның шектеулілігін алға тартты.

      Дегенмен, неоклассиктер ұлттық экономикалық мүддеге қауіптермен күресу әдісін ұсынды. Олар осынысымен кейнсшілдерден ерекшеленді. Бірақ, олар сол мүдделерді түсінуге кейнсшілдермен ұсынылған тәсілді қабылдады. ХХ ғ. екінші жартысында неоклассиктер декларация деңгейінде жалғыз экономикалық субъект индивид деп сендіруді жалғастырды.

      Э. де Сотоның институтционалдық нұсқасына сәйкес ұлттық әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің негізгі қауіп-қатерлері әкімшілік тосқауылдар табылады – «жаман» заңдар немесе «жақсы» заңдардың нашар орындалуы. Сәйкесінше, мазмұны экономикалық демократияның нормаларына сай келетін және осы заңдардың орындалуын бақылайтын жаңа заңдардың қабылдануы осы қауіп-қатерлерді тоқтату шаралары болуы тиіс.

      Ұлттық әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздіктің үш негізгі парадигмалары – камералисттік, кейнсиандық және институтционалдық – бір-бірін өзара толықтырады. Әрбір елдің ұлттық экономикасына нақты немесе потенциалды қауіпқатерлер шетелдік бәсекелестерден де (Ф. Лист осыған көңіл бөлген), «нарық құлдырауымен» де (Дж. М. Кейнс осы туралы жазған), және «мемлекет құлдырауымен» де (Э. де Сотоның ойы бойынша) болуы мүмкін. Ұлттық саясаттың мақсаты – барлық қауіп-қатерларге қарсы әсер ету үшін шектелген ресурстарды үнемді пайдалана отырып, неғұрлым қауіпті қатерлерді объективті түрде сипаттау.

      1-кесте

      Ұлттық әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік түсінігі парадигмаларының эволюциясы

      Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік түсінігінің дәстүрлі теориялық-тұжырымдамалық әзірлемесі жетекші ғылыми шетелдік мектептер аясында жүзеге асырылған. Осы мәселе бойынша отандық зерттеулердің жеткіліксіздігі және іс жүзінде жоқтығы мына жайтпен түсіндіріледі, яғни ұлттық қауіпсіздіктің тарихи мәселесі ұлттық, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық мүдделердің қалыптасуы мен әзірленуі жүзеге асырылатын тәуелсіздікке қол жеткізу мен мемлекеттің қалыптасуы кезеңдерінде туындайды.

      Экономикалық қауіпсіздік мазмұны, оны құраушы элементтер, сондай-ақ қамтамасыз ету механизмдері әртүрлі интерпретацияланады, ол әр алуан теориялық-әдістемелік