Өнімділікті басқару. Сейсембай Жұмамбаев. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Сейсембай Жұмамбаев
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Управление, подбор персонала
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-0216-4
Скачать книгу
негізделеді: өнім шығуына бағдарлану (жүйенің түпкі ақырғы нәтижелеріне) және ұйымның жүйешелерін бір тұтас жасап біріктіру. Басқару тәжірибесіне осы екі ұстанымды енгізу менеджерлердің шығын мен өндіріс үдерісінен түпкі ақырғы нәтижелерге бағдарлануға ауысуына көмектеседі. Нәтижелерге бағдарланған менеджерлер ресурстарға жаңа құнды қосуды және ең жақсы түпкі ақырғы нәтижелерге жетуді ойлайды, өнімнің сапасын жақсартатын және көлемін ұлғайтатын ұйымдастырушылық өзгерістерге дайынырақ және икемділеу болып келеді. Олардың адамдармен қатысу және көтермелеу әдістері процедураға, нұсқауларға емес, нәтижелерге негізделеді. Олар бағынышты адамдардың жаңашылдығы мен бастамаларын қолдайды. Нәтижеге бағдарлану өнімділікті басқару жүйесін жасауда және оны қолдануда ең қолайлы стилі болып келеді.

      Қазақстанның болашақта дамыған елдердің қатарына қосылу үшін экономиканың барлық салаларында және әр кәсіпорнында өндірісті өсіру қажет, бірақ қайсысы бірін емес, бәсекелес қабілеттілігі жоғары өндірісті. Бәсекелеске қабілеттің шешуші факторы ретінде өнімділік, тиімділік болып келеді. Жалпы мағынада өнімділік дегеніміз ол ресурстарды – еңбек, капитал, жер, материал, энергия, ақпарат, уақытты – нарық талабына, ең алдымен сапа мен адамдардың жаңа қажеттіліктеріне сай тиімді пайдалану. Басқа сөзбен айтқанда, өнімділік адамның біліктілігі мен мүдделері, технология, басқару, әлеуметтік және іскерлік орта өзара бірігіп, берілген жағдайда ресурстардың жоғары өнімділікті беретін нүктесі болып келеді. Оған жетуге макроэкономикалық факторлар мақызды роль атқарады, олар өнімділіктің өсуіне себепкер болуы немесе мемлекет деңгейінде оның өсуіне кедергі туғызуы мүмкін. Бұл факторлар қатарына мемлекет саясаты, экономикалық және әлеуметтік стратегия, халықаралық бәсекелестік, қоршаған табиғи орта, демографиялық және құрылымдық өзгерістер жатады.

      Өнімділіктің өсуі барлық қолдағы ресурстардың түйісетін жері – кәсіпорында болу мүмкіндігінен фирмалардың қызметіне микроэкономикалық талдау жасау қажеттілігі туады. Бұл жерде өнімділікке байланысты бір қателікті жібермеу керек. Біріншіден, өнімділік – тек еңбек тиімділігі немесе еңбек өнімділігі ғана емес, ол өндірістің барлық ресурстарын интегралды пайдалануын сипаттайтын кешенді көрсеткіш. Екіншіден, өнімділікті тек өнім шығуымен бағаламау керек, өйткені оны тиімділікті арттырмайақ оңай көтеруге болады. Бұл жерде түпкі нәтижелерге бағдарлану ерекше маңызды. Үшіншіден, өнімділік пен пайдалылық түсініктерін шатастырмау керек, өйткені шынайы өмірде өнімділік көрсеткіші төмендесе де пайдаға бағаны көтеру арқылы жетуге болады. Керісінше, өнімділіктің жоғары болуы жоғары пайда әкелмеуі мүмкін, шеберлікпен жасалған тауарлар міндетті түрде сұранысқа ие болмауы мүмкін. Жоғарыда айтылғаннан өнімділіктің мәнін ашудың маңызды ерекшелігі білінеді: нарық және қоғам сұранысына ие жоғары сапалы өнімді мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде шығару қажеттігін