Өнімділікті басқару. Сейсембай Жұмамбаев. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Сейсембай Жұмамбаев
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Управление, подбор персонала
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-0216-4
Скачать книгу
және басқа ҒТП жетістіктері озық салаларда өндірістік үдерісті ұйымдастыру келешегі туралы түсінікті біржолата өзгертті. Жаңа өндірістік нақтылықты «IBM» фирмасының басты жарнама ұраны айқын көрсетті: «Машина жұмыс істейді, адам ойлайды». Осы мерзімге өндірістің жаңа моделі туады: «биік технологияны» табысты игеру және пайдалану өнімділікті көтерудің елеулі факторы болып келеді, сол себепті кәсіби білім рөлі өсе түседі.

      Бір мезгілде біліктіліктен айырылу доктринасы да қайтадан қарастырылды. Теориялық және тарихи талдау өндірістегі еңбек үдерісін қарапайымдату – ол тәжірибені зерттей жүріп табылған өнімділікті арттыру жолы ғана емес. Сонымен қатар ол еңбек үдерісін модельдеуге келтіретін, барлық операцияларды бір мақсатқа – пайданы максимал жасауға – бағындыратын процедура болып келеді. Бұл ой XIX-XX ғасырдың басындағы шаруашылық тәжірибемен нығайтылды.

      Алайда 1970 жылдары ағынды линиямен жабдықталған өндірістер ҒТП келесі функционалдық өзгерістеріне төзе алмады: өндірістік бағдарламасының жиі өзгеріп тұруы, әртараптандыруды кеңейту және күрделі көпфункционалды жабдықтардың жұмысын бақылау қажеттігіне байланысты міндеттердің «материалды болмауы». Мұның барлығы зерттеушілерге, заманауи өндірістің жоғары тиімді формалары фордизмде емес, деп қорытынды жасауға негіз береді.

      Барлық өндірістік ресурстардың пайдаланудың балама модельдерін жасауда Жапония көш басына шықты. Жапон индустриясының «тер төгу» әдістерін қолдануда артта қалуы артықшылық болып келді: ішкіөндірістік саясатының басына өндірістік факторларының «жаһандық тиімділігін» арттыру қойылды, оған жету кәсіпорынның өндірілетін өнімнің көлемі мен ассортиментін өзгертумен, бұйым сапасын жақсартумен, өнімді тұтынушыларға уақытында жеткізу мерзімімен, жабдықты пайдалану және запастарды сақтау шығындарын минималды жасаумен байланысты болды.

      Өндірістік үдерістің ең құнды қасиеттері «ғылымисыйымдылықты» өндіріс құралдарының жаңа буынын игеру қабілеті, ал маман үшін – әртүрлі техникалық және экономикалық параметрлерді салмақтап болжамаған жағдайда дұрыс шешімді таба білу қабілеті болып келеді.

      Осыған байланысты зерттеушілер заманауи өнімділікті басқару спектрінде екі ірі тенденцияны ажыратады: адами капитал теориясы және өнімділікті арттыру – өзгерістер үдерісі деп тану. Сондықтан, өнімділікті арттыру үшін өзгерістерді басқару қажет, яғни өзгерістерге ынталандыру және оларды тудыру керек.

      Осы екі тенденция бірін бірі өзара толтырады және өзара қамтамасыз етеді. Бірінші болып «адами капиталы» туралы белгілі чикаголық экономист Теодор Шульц айтты. Жұмыс күшінің сапасын ол білім беруге қосымша қаражат жұмсаудың табиғи нәтижесі, техникалық прогресс – өндіріс құралдарды жетілдіру және өнімділігін көтеру бағыттарында жұмсалған қаражаттың нәтижесі деп есептеген.

      Адамның білімінен, шеберлігінен және қабілетінен тәуелді қосымша табыс көзін «адами капитал» деп белгілеп, оның формасын,