Институционалды экономика. Ғалия Даулиева. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Ғалия Даулиева
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2015
isbn: 978-601-04-1559-1
Скачать книгу
саны олардың Штакельберг, Парето тепе-теңдіктерімен сәйкестігі немесе сәйкессіздігі бойынша ерекшеленеді.

      7. Институттар арқылы тепе-теңдікке қол жету аралас және эволюциялық стратегиялар арқылы тепе-теңдік нүктелері санының ұлғаюын білдіреді.

      Тақырыптың түйінді ұғымдары:

      – ақпараттық шығындар;

      – әдістемелік индивидуализм қағидасы;

      – институционалды детерминизм;

      – интерпретативті рационалдылық;

      – когнитивті шектемелер;

      – толық емес рационалдылық;

      – трансакционды шығындар;

      – холизм қағидасы;

      – фокальды нүктелер;

      – эмпатия;

      – экономикалық империализм;

      – ойындар теориясы;

      – таза үйлестірушілік ойындар моделі;

      – анықтаушы стратегия тепе-теңдігі;

      – қарым қатынас модельдері;

      – қайталанатын ойындар;

      – аралас стратегия;

      – эволюциялық-тұрақты стратегия.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Қандай жағдайларға байланысты институционалды теорияның пайда болу қажеттігі туындады?

      2. Экономикалық адамның мінез-құлық нормалары қандай?

      3. «Ескі» және «жаңа» институционализмнің айырмашылықтары неде?

      4. Жаңа институционалды экономиканың неоклассиканың ғылыми негіздерін өзгерту мәні неде?

      5. Когнитивті шектемелерді қалай түсінесіз?

      6. Неліктен институционалды теория математикалық формализацияларға емес, ойындар теориясына сүйенеді?

      7. Индивидтер арасындағы қандай қарым-қатынастарды ойындар теориясы көмегімен модельдеуге болады?

      8. Ойындар теориясын талдаудағы негізгі тұжырымдар қандай?

      2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДАҒЫ ИНСТИТУТТАР

      2.1. Норма институттардың базалық элементі ретінде

      Экономикалық теорияда экономикалық агенттердің (тұлғалардың) мінез-құлқы шектелген ресурстарды рационалды пайдалану туралы тізбекті шешім қабылдау ретінде қарастырылады. Экономикалық тұлға өзінің мақсатты функциясында қолда бар ресурстардың шектеулілігіне сүйене отыра, ресурстарды барынша жоғары пайда әкелетіндей бөледі.

      Экономикалық мінез-құлықтың бұл түсіндірмесі бірқатар алғышарттарға негізделеді. Солардың ішіндегі ең бастысы – ресурстарды қолдану нұсқаларын таңдау саналы сипатта жүреді, яғни агенттердің өз іс-әрекет мақсаты және мүмкіндіктері туралы белгілі бір білімі болатындығы болжамданады. Демек, кез келген шешім қабылдаудағы басты мәселе – ақпарат. Қажетті ақпарат экономикалық агенттің жадында болуы мүмкін немесе арнайы жинақталуы қажет. Бірінші жағдайда шешім қабылдау жедел жүрсе, екінші жағдайда қажетті ақпаратты іздестіру, оған қол жеткізуге шығындар жұмсалады және шешім қабылдау белгілі бір уақытқа (мерзімге) созылады. Сондықтан экономикалық шешім қабылдауда ақпараттық және уақыттық шектемелері болады.

      Қажетті ақпаратты