Белгісіздік және тәуекелділік жағдайында рационалды таңдау индивидтердің күтілетін пайдалылықты барынша арттыруға әкелетін нұсқаны таңдауын білдіреді. Күтілетін пайдалылықты барынша арттыру индивидтердің белгілі бір жағдайдың орындалу ықтималдылығын, соның ішінде олардың қатар орындалу ықтималдылығын шынайы, дәл бағалауын талап етеді. Алайда жүргізілген лабораториялық тәжірибелер индивидтердің мұндай қабілеттерінің шектеулілігін байқатады. Бұл теорияның негізгі тұжырымы: рационалды мінез-құлық типтері күнделікті өмірде индивидтер ұстанбайтын элементтерді қамтиды; сондықтан күнделікті өмірдегі маңызды элементтерді осы типтерге қосу қажет.
Толық емес рационалдылық теориясы рационалды таңдау моделіне өзгеше көзқарасты қалыптастырды. Мінез-құлық типтері екі айнымалының – когнитивті шектемелер және ақпараттың толықтық дәрежесіне тәуелді функция ретінде талданады. Аффективті мінез-құлықтан мақсатты бағытталған рационалдылыққа дейін шешім қабылдау процедурасы ақпарат көлемінің артуына, оны өңдеуге байланысты күрделене түседі. Сандық және сапалық ерекшеліктер орын алады: қажетті ақпарат әркелкі, соған байланысты оны өңдеу процедурасы да басқа да элементтердің қамтылуына әкеледі. Мысалы, аффективті мінез-құлыққа қажетті барлық ақпарат сыртқы стимулдарда және ол мінез-құлыққа тікелей «стимул-реакция» үлгісінде әсер етеді. Мақсатты бағытталған рационалдылық жағдайында индивидке ресурстар, мүдделер, мүмкіндіктер, мақсаттар, міндеттер туралы ақпарат қажет, осындай әртүрлі ақпаратты өңдеу де күрделі сипатта.
Индивид неғұрлым рационалды болған сайын, солғұрлым шешім қабылдау процедурасы күрделірек. Ал толық емес рационалдылық индивидтердің шешім қабылдауда қарапайым міндеттерді орындауын білдіреді. Процедураның қарапайымдылығы соңғы нәтижеге әсер етеді. Егер толық рационалдылық жағдайында нәтиже оптималды және бірегей болса, толық емес рационалдылықта нәтиже шешім қабылдау алгоритмдеріне тәуелді. Күрделілік дәрежесі әртүрлі көптеген алгоритмдерге нәтижелердің