Қазақстанда автокөлік транспортының жалпы тасымалдаудағы үлесі де, шетелдік тасымалдауға қатысуы да кеңейді. Сонымен қатар, Қазақстанда автокөлік паркінің жедел өсуі, автокөліктік тасымалдау ерекшеліктері бірқатар маңызды мәселелермен бетпе-бет келуде.
Жалпы Қазақстанда 30 млн. астам транспорт құралдары тіркелген, бірақ белгілі бағалаулар бойынша кем дегенде әлі 15 млн. автокөлік жетіспейді. Оның үстіне, соңғы жылдары ҚРның халықаралық автотасымалдауға деген сұранысы өсуде. Қазіргі кезде олардың көлемі 1990 жылмен салыстырғанда 10 есе жоғары. Бұл мәселенің шешімі шетелдік транспорттық фирмалардың қызметін пайдаланудан жол табады. Қазір олар Қазақстанның жалпы экспорттық-импорттық жүктерінің 75 %-на дейін тасымалдайды. Барлық автотранспорттық фирмалардың пайда жинақтары 5 млрд. долл-ға бағаланады, соның ішінде Қазақстанның үлесі 0,9 млрд. доллар.
ҚР көлік паркі проблемасымен қатар, автокөлік жолдарының жетіспеуі мен олардың сапасыздығы белгілі. Қазақстан автокөлік жолдарының ұзындығы 900 мың км-ден астам. Жалпыға бірдей қолданылатын көлік жолдарының тығыздығы бір мың шаршы шақырым аумаққа 25 км, дәл сондай көрсеткіш Батыс Еуропада 1000 км, ал АҚШ-та 800 км. Республикалық маңызы бар жолдардың жартысынан көбісі өсе түскен жүк тасқындарына төтеп бере алмауда. Қазақстан экономикасының жаңа жолдарға деген қажеттілігі 2 млн. км бағаланады. 1999 жылы Бүкіләлемдік банк Қиыр Шығыс пен Сібір тас жолдарын қайта жөндеуге 400 млн. доллар қарыз берген болатын.
Әуе транспорты. Транспорттың бұл түрі маңызды болып келеді. Бірақ әуетасымалдау тарифтері автокөлік пен теміржол тарифтеріне қарағанда әлдеқайда жоғары. Транспорттың бұл түрі жылдамдық пен алыс нарықтарға жету үшін өте қолайлы. Әуе арқылы жиі жеткізілетін жүктерге – тез бұзылатын азық-түліктер (жас балық, гүлдер) және қымбат бағалы бұйымдар (құралдар, зергерлік бұйымдар) жатады. Фирмалар әуе транспортын пайдалану тауар запастарын қысқартуға, қоймалар санын азайтуға, буып-түюге жұмсалатын шығындарды үнемдеуге қолайлы деп сендіреді. Өткен ғасырдың соңында пайда болған дағдарыстық құбылыстар қаншалықты ауқымды және қаншалықты ұзаққа созылатыны болашаққа белгілі. Әуе транспорты 1995 жылы басталған құлдырауға дейін 295 млн. т-км болатын жүк айналымын тасымалдайтын, соның ішінде 190 млн. т-км халықаралық қатынастарға тиесілі еді. Жолаушылардың саны 2,2 млрд. жетіп, соның 1,2 млрд. халықаралық желілер бойынша тасымалданған. Мұның өзі үлкен жетістік болып саналады.
Құбыр желісі көлігі. Құбыр желісі – мұнай, тас көмір және химиялық өнімді өндірілу орнынан нарыққа дейін тасымалдайтын ерекше транспорт құралы. Мұнай құбырлары арқылы мұнай өнімдерін тасымалдау теміржол көлігіне қарағанда әлдеқайда арзан, бірақ сумен тасымалдаудан қымбат. Көптеген құбыр желілері меншік иесінің өз өнімдерін тасымалдау үшін қолданылады.
Жалпы,