Халықаралық транспорт операциялары. М. Байгісиев. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: М. Байгісиев
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Учебная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-0691-9
Скачать книгу
даму жүйесі сақталып келеді.

      Ұқсас үрдістер осы уақыт аралығында теміржол мен ішкі су жолдары тасымалының тоқырауымен бір уақытта автомобиль транспортының қарқынды дамуы негізінде жүк айналымы шамамен екі есе өскен. Батыс Еуропада да орын алғаны белгілі. Шындығында, соңғы жылдары еуропалық теміржол мен су транспорттарының тасымалдаудың интермодальды жүйесіне интеграциялануы нәтижесінде олардағы жүк айналымы қайтадан өсе бастады.

      Жалпы алғанда, 1997-1998 жж. дағдарыстық құбылыстарға қарамастан әлемдік транспорттың ұзақ мерзімдік даму үрдісі сақталуда. Әлемдік транспорттың ерекшелігі мынада: транспорттың неғұрлым заманауи түрлері дағдарыс әсерінен тасымалдауға сұраныстың төмендеуін бірінші болып сезінді, керісінше тасымалдаудың дәстүрлі түрлері жоғары шығындар салдарынан, әсіресе жақын қашықтыққа жоғары массалы жүктерді жеткізу кезінде көптеген қиындықтарға тап болса да, дағдарыс оларға жалпы алғанда айтарлықтай зардабын тигізе қойған жоқ.

      Халықаралық транспорттың даму болашағы тек әлемдік экономиканың жалпы дамуына, оның дағдарыстан шығу мүмкіндігіне және негізгі жүктердің қозғалысын қалпына келтіруге ғана байланысты емес. Сондай-ақ (неғұрлым ірі кеме иелерінің және әуе тасымалдаушыларының) транспорттың өзіндік жұмыстарын қайта ұйымдастыру және ұйымдық құрылымдарын дағдарыстан кейінгі жаңа жағдайлар мен талаптарға бейімдеу мүмкіндіктеріне де байланысты болса керек.

      Сондай-ақ, бұл өзгерістерде экономикалық факторлардан бөлек, геосаяси факторлар да маңызды рөл атқарады. Теңіз тасымалы алдағы уақытта әлемдік саудадағы тасымал көлемдері бойынша бірінші орынды ұстап тұрса да, негізгі геоэкономикалық орталықтар айналасындағы «өңірлендіру» процесі тауарлардың тасымалдануы сызбасына, тасымалдың ұйымдастырылуына қажетті өзгерістерді бірте-бірте енгізетін болады.

      Теңіз транспорты. Теңіз тасымалының негізгі артықшылығы – құм, тас көмір, астық, мұнай, металл сияқты көлемді және тез бүлінбейтін, бағасы арзан тауарларды су транспортымен тасымалдау құнының төмен болуында. Бірақ, басқа жағынан қарасақ, су транспорты – ең баяу жүретін және ауа райына жиі тәуелді болатын транспорт түрі болып саналады. Бұған қоса, әлемдік теңіз саудасы 1996 жылдан бастап өсу қарқыны бойынша (2,3 %) 1987 жылдан бергі (алдыңғы дағдарыстың аяқталуы) мерзімде ең төмен көрсеткіш көрсетті. Жүк айналымының мәліметтері (т-милль) тенденцияның өзгерістері туралы одан да нақты куәлік берді. 1996 жылғы өсім тек 1 %-ды құрады, бұл есептеудің дәлсіздігі шектеріндегі көрсеткіш болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, әлемдік теңіз транспортының жұмыс ауқымы көбейсе де, өте баяу көбейгендігін көреміз.

      Әлемдік сауда флотының өсуіне келетін болсақ, әсіресе жаңа, неғұрлым заманауи кемелердің жетілген техникалық мүмкіндіктерін есепке алғанда оның өсімі сұраныс динамикасынан асып түсті. Бұл жағдайда кеме тасымалы нарығында сұраныстың қысқаруы тек мөлшерлеменің төмендеуін ғана емес, сондай-ақ теңіз тасымалы және онымен