Халықаралық транспорт операциялары. М. Байгісиев. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: М. Байгісиев
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Учебная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-0691-9
Скачать книгу
қалыптасу тарихы.

      4. Қазақстан Республикасында халықаралық транспорт операцияларын ұйымдастырудағы нормативтік-құқықтыұ құжаттар.

      5. Халықаралық транспорт операцияларын ұйымдастырудағы халықаралық шарттар мен нормативтік- құқықтыұ құжаттар.

      ІІІ-тарау

      ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ КЕЛІСІМШАРТТАРЫ

      Сыртқы сауда келісімдерін транспорттық қамтамасыз ету үлкен маңызға ие, себебі, сатып алу-сату келісімінің коммерциялық шарттарын жақсартуы немесе бағасы, жеткізу мерзімі арқылы тауардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп жіберуі мүмкін. Сондықтан, жүк тасымалдау келісімі сыртқы сауда қызметін реттейтін жалпы келісілген қатынастар жүйесіндегі маңызды құжаттардың бірі болып табылады.

      Сыртқы экономикалық байланыстарды тұрақты және белсенді қолдайтын елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығы әдетте ұзақ мерзімді негізде құрылады. Бұл үшін үкіметтік деңгейде ереже бойынша 10 және одан да көп жылға бекітілген ұзақмерзімді бағдарламалар (келісімдер) жасалынады. Бұл бағдарламалар мен мәмілелерді жүзеге асыру үшін үкіметаралық сауда келісімдері, сонымен қатар жыл сайынғы өзара жеткізу туралы хаттамалар және транспорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалынады.

      3.1. Сыртқы сауда келісімдерін транспорттық қамтамасыз ету

      Сыртқы саудалық келісімшарттық байланыстардың жалпы сұлбасы 2-суретте көрсетілген.

      Сыртқы сауда операцияларын тікелей орындаушылар – бірлестіктер, кәсіпорындар немесе фирмалар заңды тұлға ретінде сатып алу-сату түріндегі өзара келісімге отырады. Импорттаушыға тауарды жеткізіп беруді іске асыратын тұлға өз кезегінде тасымалдау келісімшартын жасайды.

      2-сурет – Сыртқы сауда қызметін реттеуші келісімшарттық қатынастардың сұлбасы

      Тауарды жеткізу бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындау барысында тараптар өз елдерінде де, шет елдерде де тасымалдаушы ұйымдармен келісімшартқа отырады. Мәселе жүкті өндірушіден өз елінен сыртқа шығатын пунктіне тасымалдау туралы болып отыр, ең алдымен теміржол, сонымен қатар автомобиль және өзен транспорты қолданылады.

      3.2. Теңіз тасымалы бойынша келісімдер

      Теңіз транспортын халықаралық саудада қызмет көрсетуге маманданған әмбебеп транспорт деп санауға болады. Осы жерде жүктер мен жолаушылардың халықаралық тасымалының негізгі құқықтық институты мен ұйымдық формасы туындап, дами бастайды. Тасымалдау процесіне қатысушы басқа да транспорт түрлерінің арасындағы құқықтық жүйенің дамуы үлкен немесе кіші көлемде теңіз сауда қатынасының халықаралық тәжірибесінің ықпалымен жүзеге асты.

      Дәстүрлі түрде халықаралық кеме қатынасында тасымалдаудың екі ұйымдық түрі қалыптасқан сызықтық (тұрақты) және трампылық (тұрақсыз).

      ♦ Желілік кеме қатынасы (коносаменттік тасымалдар)

      Халықаралық желілік қатынастар теңіз тасымалдаушыларымен халықаралық сауданың тұрақты географиялық бағыттарында ұйымдастырылады және өз ішінде негізгі әлемдік экономикалық орталықтарды (Батыс