DDU (delivered duty unpaid) – баж салығынсыз жеткізгенге дейін… Тауар сатып алушы қарамағына келісімде белгіленген уақытта жеткізілген жағдайда ғана сатушы өз міндетін толықтай орындағанын білдіреді. Сатушы (экспортталатын тауардың баж салығы мен құжаттарға байланысты барлық шығындардан басқа) тауарға қатысты барлық шығындар мен тәуекелді өз жауапкершілігіне алады. Егер, екі тарап өзара келісіп, тауарға қатысты барлық шығындарды сатушы өз мойнына алатын болса, онда осы жағдай олардың арасындағы келісімде көрсетілуі тиіс.
DAТ (delivered at terminal) «Инкотермс-2000» базистік шартындағы DEQ (delivered ex guay) орнына қолданылады.
DEQ (delivered ex guay) – франко-айлақтан. Бұл шарт тауарды теңіз және өзен арқылы тасымалданған жағдайда қолданылады. Сатушы барлық шығындарды өтейді, яғни келісімде белгіленген мерзімде және орынға тауардың жеткізілуін, тауарды жағажайға жүктеу шығындарын және фрахт шығындары мен тауарды жағажайда орналастыру шығындарын өз мойнына алуға міндетті. Ол сатып алушы тауарды қабылдап алуға құқық беретін барлық құжаттарды табыс етеді. Сатып алушыға тауарға қатысты барлық тәуекелдер тауардың белгіленген орынға жеткізілген сәттен бастап және кедендік тексерістен өткеннен кейін өтеді.
DDP (delivered duty paid) – баж төлемімен бірге жеткізу… Тауар сатып алушы қарамағына келісімде белгіленген уақытта жеткізілген жағдайда ғана сатушы өз міндетін толықтай орындағанын білдіреді. Ол сатушының максималды жауапкершілігін білдіреді және транспорттың барлық түрінде қолданылады. Сатушы тауарды келісімде белгіленген импорттаушы мемлекетке мезгілінде жеткізеді және сатып алушыға тауарды қабылдап алуға негіз беретін барлық құжаттарды беруі қажет. Өз кезегінде сатушы тауарды белгіленген орынға жеткізгенге дейінгі барлық тәуекелдер мен шығындарды өз жауапкершілігіне алады. Сатып алушы сатушы тауарды белгіленген уақытта жеткізген кезде қабылдайды. Келісімде белгіленбеген болса, онда тауарды жүктеу шығындары да сатушы өзі өтейді. Кездейсоқ опат болу тәуекелі сатып алушыға импорттаушы мемлекетке жеткізілген кезден бастап ауысады. Келісімшартты жасаған кезде міндетті түрде тауарға байланысты тәуекелдер өтетін орынды белгілеу тиіс.
2.3. Сатып алу – сату келісімінің транспорттық шарттары
Егер келісімшарттың «базистік шарт» немесе «жеткізу шарты» деп аталатын бөлімінде транспорттық шарттар егжей-тегжейлі айтылмаса, онда тараптардың міндеттеріне қатысты барлық бөлшектерді жеке бөлімде көрсету керек: жүктерді тасымалдау және оларды тиеу орындарында өңдеу бойынша шығындарды орналастыру, тауарларды тиеу тәртібі, серіктестерге жөнелтілген тауарлар туралы ақпарат беру, жүк тасымалдау шарты және т.б. Келісімшарттың транспорттық шарт мазмұны келісімшарт түріне, базистік шартқа, тауар сипаттамасына, тасымалдау тәсіліне, тауарды тасымалдау транспортының