Дипломатия тарихы. Амангелді Әліпбаев. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2013
isbn: 978-601-247-906-5
Скачать книгу
екендігін атап өткен еді.

      Ал арнайы терминдер мен сөз орамдарының жиынтығы ретінде жалпы дипломатиялық қатынастарда қалыптасқан «дипломатиялық тіл« ұғымының екінші мәніне келетін болсақ, оларды қазіргі дипломатиялық құжаттарда жиі кездестіруге болады. Дипломатиялық құжаттардың тілі мен жазылу тәсіліне қатысты неміс ғалымы Х. Вильднер өз еңбегінде бірқатар ұсыныстар береді. Х. Вильднер бойынша, дипломатиялық жазу тәсілі – ең алдымен, қарапайымдылық және айқындығымен ерекшеленуі тиіс, бұл жай қарапайымдылық емес, әр сөз өз орнын дәл тауып, тура мағынасын жеткізе алатындай болуы қажет. Дипломатиялық құжаттың тілі – бұл мемлекеттің сыртқы әлеммен байланысқа түсетін тілі. Көп жағдайда мемлекеттің дайындаған дипломатиялық құжатының тілінен сол мемлекеттің бет-бейнесін көрінеді. Сондықтан да, тілге, дипломатиялық құжаттардың жазылуына аса жоғары талаптар қойылады. Бұл тіл – анық та, нақтылы болуға тиіс.

      Егер дипломатиялық құжаттарды тілдік тұрғыдан қарайтын болсақ, онда олар көп жағынан саяси деректі басылымға жақын тұрады. Саяси деректі басылымдарда, дипломатиялық құжаттарда көркем әдебиеттен алынған сөз орамдары кеңінен қолданылады. Көркем әдебиеттегідей салыстырмалы түрде, мазмұндау әдісін пайдалану дипломатиялық құжатты жан-жақты толықтырып, оған айқындылық, тартымдылық берері сөзсіз.

      Әрине, көркем әдебиеттің әдіс-тәсілдерін орынды пайдалана білу керек. Тілдік құралды дипломатиялық құжаттарда ұтымды пайдалана білуіңіз құжаттың жазылу құндылығын арттыра түсіп, мазмұнын нақты түсінуге мүмкіндік туғызады. Дипломатиялық құжаттарды дайындау барысында бұл құжаттың кімдер үшін, қай елге бағытталатындығын бір сәт те естен шығармау керек. Кей жағдайларда сол елде кең етек алған ұғымдар мен нақысты сөздерді дипломатиялық құжаттарда қолдануы мүмкін. Егер дипломатиялық құжаттар өте айқын, жүйелі, тартымды тілде жазылған болса, оған көңіл бөлушілік те арта түсері хақ. Ал ресми құжат сайқымазақ, кекесінді, өткір мысқылмен жазылса, ондай құжаттар мемлекетаралық қатынастарды негізінен қайшылықты жағдайларға әкеліп тірейді. Дипломатиялық құжаттарды дайындау барысында ақиқат пен жалғандықтың аражігін ажырата білуге талпыну қажет.

      Халықаралық қатынастар жүйесінде көптеген ұсыныстар мен тілектер жарияланады. Бұл ұсыныстар шарттар, келісімдер, қарарлар жобаларының тармақтарына таралып тасталуына байланысты бұл саладан бейхабар жанға оларды толық қабылдап, дұрыс түсінуі қиынға соғады. Сол себепті ол тармақтардың мазмұнын әлемдік қоғамға түсінікті, жалпыға бірдей ашық түрде болуын қамтамасыз ету дипломатиялық құжаттардың маңызды жақтарының бірі болып табылады.

      Мәселені тек баяндау күйінде ғана хабарлау дипломатиялық құжаттардың мәнін ашпайды. Өйткені онда баспа бетінен, радио, телеарналардан немесе бұған дейінгі дипломатиялық құжаттарда келтірілген мәліметтерден белгілі хабарлама күйінде жарияланады. Сондықтан мәселені қарапайым түрде хабарлау белгілі