Ескерткіштің жоспарына мәлімет беруші шағын қазбаның профилін қосуға болады және орналасқан орнын тазалап көрсеткен абзал. Сонымен бірге, барлық археологиялық жоспарға түскен ескерткіштер жалпы және бөлек-бөлек фотоға (суретке) түсірілуі қажет.
Археологиялық ескерткіштерді сақтау шаралары.
Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан аумақтағы ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ететін ұсынылған келесі формалар немесе нұсқалар болып табылады:
– Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан немесе су басу аймағынан археологиялық ескерткіштерді бөліп шығару (уақыт өте келе су деңгейі басылады, каналдардың арналары ауысады және т.б.). Мұндай бөліп алу техникалық жағдайда ұсынылуы мүмкін.
– Археологиялық ескерткіштерге су қоймаларынан келетін зардаптарға қарсы қорғаныш ретіндегі құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру. Ірі су қоймасы құрылысы кезінде тек республикалық маңызы бар ескерткіштер есепке алынады (осы аталған шараға зерттеуден аз мөлшерде қаражат кетеді). Археологиялық ескерткіштерді жобалауда инженерлі қорғау басты жобалау ұйымы тарапынан жүзеге асады. Археологиялық профильді ғылыми ұйым кеңесші болып және қорғау шараларын негіздеуге қатысады, осы туралы ұсыныс Мәдениет министрлігіне бағытталады.
– Құрылыс және су басу аймақтарынан ескерткіштерді алып шығу. Ескерткіштердің шектеулі бөлшектеріне қолданылады (жеке архитектуралы бөлігі және т.б.). Эвакуацияға сәйкес жобалысметалы құжаттама бойынша құрылыс немесе су басу аймағынан ескерткішті алып шығу үшін, мамандандырылған ғылыми-қалыпқа келтіруші ұйым құрып және басты жобалаушыға ұйым тарапынан ұсыныс білдіріледі. Археологиялық профильді ғылыми ұйым мұндай құжаттаманы дайындау барысында кеңесші ретінде қатысуға болады. Археологиялық нысандарды эвакуациялау жобасын дайындауда ескерткішті орналасқан орнынан техникалық әдіспен алуды, жақсы қорғайтын орынды қарастыруды, болашақта ғылыми және экспозициялы мақсатта қолдануға болатын жаңа орынды, қауіпсіз және үнемді түрдегі орын ауыстыруды, нысанды қалыпқа келтірудің қажетті жұмыстарын қарастырады.
Археологиялық ескерткіштерді ғылыми түрде толық зерттеу. Құрылыс салу барысында ескерткіштің бүтіндігін қадағалау. Осындай жұмыстың тәжірибесі өткен ғасырда Қазақстан территориясында Бұқтырма, Шүлбі, Шардара, Қапшағай СЭС салу құрылысы кезінде жүргізілген. Аталған зерттеу жұмысында, жергілікті жердегі ескерткіштерді барлау тәсілі арқылы жарыққа шығарады, ол жерде стационарлы қазба жұмыстарын жүргізеді, барлау және қазба жұмыстары кезінде алынған материалдарға сақтау жұмысы жүргізіледі, арнайы қажетті талдау жұмысын жүргізеді, ғылыми есеп құрастырылып, материалдарды