Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945). Амангелді Әліпбаев. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2015
isbn: 9965-30-475-0
Скачать книгу
жағдайы өте ауыр болды. Германия репарация төлеуден бас тарта бастады. 1923 жылғы 9 қаңтардағы төлемақы төлеу жөніндегі комиссияның Германия жағынан төлемақы төлемеу әдейі істеліп отырғандығын дәлелдеген шешімі 1923 жылдың 11 қаңтарында француз және бельгиялық әскерлердің Рур аймағына басып кіруіне негіз болды. Осы бірінші дүниежүзілік соғыста жеңімпаз мемлекеттердің қатарына ілінген Франция, ендігі жерде Германияға қатысты өзінің барлық тілек-талаптарын орындатуға тырысты. Мұндай қолайлы сәт тарихта енді қашан туар деген француз үкіметі, немістерді мүмкіндігінше талан-таражға түсіруге асыққандай. Герман үкіметі амалсыздан ендігі жерде төлемақы төлеуге дайын екендігін білдіріп, кейбір мәселелерді талқылау қажеттігі жөнінде ұсыныс жасайды. АҚШ пен Англия мемлекеттері Францияның Еуропада күшейіп кетуіне жол бергісі келмеді, сондықтан да олар Францияны төлемақы мәселесінде біраз жеңілдіктер жасауға мәжбүр етті.

      Осы мәселеге қатысты 1924 жылдың тамызында өткен Лондон мәслихаты америкалық өкіл Дауэстің басшылығымен сараптама комиссиясының баяндамасын құптады. Екі ел арасындағы төлемақы төлеу мәселесіндегі қайшылық 1924 жылы 30 тамызда «Дауэс жоспары» атты төлемақы төлеу жөніндегі құжаттың күшіне енуіне байланысты шешілгендей болып, 1925 жылдың тамызында өзінің үстемдігін көрсеткен француз және бельгиялық әскерлер Рур аймағын босатады6.

      Германия жыл сайын төлемақының белгілі бір мөлшерін (біртіндеп оны көбейте отырып, мысалы, 1924–1925 жылдары 1 млрд марка болса, 1928–1929 жж. 2,5 млрд маркаға дейін) төлейтін болды. Жоспар бойынша Германияға ірі халықаралық несие беруді де қарастырды. Мысалы, АҚШ 800 млн марка беретін болды. Сөйтіп, Германияның экономикасы шетелдік, әсіресе, америкалық капиталға тәуелді болды.

      Локарно халықаралық мәслихаты. 1925 жылдың 5-16 қазанында Локарнода (Швейцария) халықаралық мәслихат өтті. Оған Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Бельгия, Польша және Чехословакия елдері қатысты. Локарно келісімінің негізін құраған Рейндік кепілдік пактісі келісіліп, 1925 жылы 1 желтоқсанда Лондонда қол қойылады.

      Локарно халықаралық мәслихатында 9 құжаттың жобасы: Германия, Бельгия, Франция, Ұлыбритания және Италия арасындағы Пакт (1925 жылғы Рейндік кепілдік пактісі); Германия мен Франция, Германия мен Бельгия арасындағы төрелік келісімі; Германия мен Польша, Германия мен Чехословакия арасындағы төрелік келісімшарты; Франция мен Польша, Франция мен Чехословакия арасындағы кепілдік жөніндегі келісімшарт; қорытынды хаттама және Ұлттар Лигасы Жарғысының 16-бабына қатысты Германияның ұжымдық хат жобасы бекітілген болатын.

      Пактіге сәйкес оған қатысушылар герман-француздық және герман-бельгиялық шекараларға қолсұқпауға кепілдік міндеттемесін берді. Осыған орай, тараптар бір-біріне қарсы ешқандай соғыс өртін тұтатпау жөнінде өзара міндеттеме алды. Қарапайым дипломатиялық жолмен шешімін таппаған даулы мәселелерді төрелік келісімдерге сәйкес реттеу көзделді. Егер тараптардың бірі қабылданған


<p>6</p>

Schulze Hagen. Weіmar Deutschland. 1917-1933. – Berlіn,1982. – s.275.