Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945). Амангелді Әліпбаев. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2015
isbn: 9965-30-475-0
Скачать книгу
«Юнг жоспары» ауыстырып, бұл Германияға көп жеңілдік әкелген еді. Бұл жоспар бойынша жыл сайынғы төлемақы төлемі 20 пайызға төмендетілді, тіпті, осы төлемақы мәселесінде жауапкершілікті оның өзіне берді, яғни егер қиын жағдай болатын болса, төлемақы төлеуді тіпті, кейінге немесе мерзімін созатын болды. Бірақ әлемдік экономикалық дағдарыс басталған жағдайда Германия төлемақы төлеуге мүмкіндігі жоқ еді. Сондықтан да «Юнг жоспары» қабылданғаннан соң Германия мүшелік жарнаманы тоқтату жөнінде мәселе көтерген болатын. АҚШ президенті Г.Гувер төлемақы төлеу мерзімін ұзарту жөнінде ұсынысын жасады. Яғни 1931 жылғы маусымдағы «Гувер шектеуі» іс жүзінде төлемақы төлеудің тоқтатылғанының белгісі болды. Бұған ең соңғы нүкте қойған 1932 жылғы маусымдағы Лозанн халықаралық мәслихаты еді. Бұл Версаль келісімінің ең маңызды шарттарының бірінің бұзылғандығын көрсетті. Германия жағынан төлемақы төлеу міндеттерінің жойылуына байланысты, ендігі жерде Франция жағынан кепілдік ретінде неміс аумағын басып алу ешқандай негізге үйлеспеді. Сол себепті «Юнг жоспарының» қабылдануына байланысты мерзімінен бұрын 1930 жылдың 30 маусымына дейін екінші және үшінші кезектегі неміс аймақтары одақтастар әскерінен босатылуға тиіс болды. Сондай-ақ төлемақы төлеуге байланысты құрылған комиссиялар да қысқартылды. Әрине, бұл жағдайлар француздардың көңілінен шықты деп айтуға болмас. Тарихшы В.М. Турок бұл жөнінде: «Француздар үшін шығынын толтыру Германия жағынан Эльзас пен Лотарингияны қайтарып алу мәселесін көтермеу міндеті және Локарно келісіміне сәйкес Рейн аймағында қарусыздандыруды сақтау. Аймақты қарусыздандыру қаулысын бұзған жағдайдан басқа уақытта Германия мен Франция әскери күшті пайдаланбауға міндетті болды. Алайда, Францияның қауіпсіздігіне сәйкес нақтылы ешқандай кепілдік ескерілмеді»7,–деп жазады.

      ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы саяси ахуал. Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қалыптасқан қайшылықтарға қарамастан, 20 жылдардың аяғында, яғни 1929 жылдың 11 маусымындағы Ұлттар Лигасы Кеңесінің Мадридтік мәжілісі кезіндегі ресми емес сұхбат барысында Германия мемлекетінің сол кезеңдегі Сыртқы істер министрі Г. Штреземан мен Франция тарапынан – А. Бриан алғаш рет «біріккен Еуропа» жобасының ережелерін талқылайды. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі күштер арақатынасын іріктеуге және соғыстың қалдықтарын жоюға Еуропаның бірігуі өзіндік әсер ететіндігіне Штреземан сенімді еді. Тек бұл жобалар идея күйінде қалып, еуропалық алаңдағы шиеленістік Германияның билігіне фашистік топтардың келуіне байланысты тіпті өрши түсті.

      Кең етек алған экономикалық дағдарыс жағдайында капиталистік елдерде фашизм қаупі күшейді. 30-жылдардың ортасында Еуропаның 26 елінің 16-да бұржуазиялық-демократиялық бостандықтар жойылып, оның орнына фашистік тәртіптің түрлері қалыптаса бастады. Солардың ішінде халықаралық жағдай үшін ауыр зардаптар әкелген 1933 жылдың қаңтарында Германияда билік басына фашистердің келуі еді. 1933 жылдың қаңтарында Германия Ұлттар Лигасынан


<p>7</p>

Турок В. М. Локарно. – М. – Л., – С.187-191.