Құрылымды саясаттың жаңа құрамдас бөлігі ретінде жекешелендіру бағдарламаларын жүзеге асыру болды. Батыстың жетекші елдерімен салыстырғанда неміс консерваторлары бұл құрамды тиімді деп қарастырмады.
Жекешелендіруді жүзеге асырудың алғашқы онжылдығында (1982-1992 ж.) Г. Коль үкіметінің бюджеті тек 10 млрд марка болды. Әдетте, халық шаруашылығының кешенді қызметінде маңызды рөл атқармаған кішігірім кәсіпорындар жекешелендірілді. Кіші және орта кәсіпкерлікке қатысты саясаттың жалғастырылуы өте маңызды еді. Бұл саясаттың негізгі тәсілі корпоративті капиталға (теңдессіз) жеңілдіктер беретін салық-қаржы реформасы еді. Орта кәсіпкерлік буындарға да көп көңіл бөлінді, жеке тұлғаларға салық көбейтілді. Ауылшаруашылық өндірісінде ірі өндірушілерге көп қолдау көрсетілді. Коль үкіметі ауылшаруашылығындағы жұмысбастыларды қысқартып (80 жылдар аяғында ол халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 4,5 %-ға дейін азайды), жер меншігін шоғырландырды. Ауылшаруашылығында пайдаланылатын жер көлемі азайды. ГФР аграрлы секторының деңгейі Франция, Грекия, Испания, Португалия елдерінен қалып қойса да, алып-сатуда мемлекет қажеттілігінің 75 %-ын қамтамасыз етті.
Шектен тыс өндіру дағдарысынан шығу 1983 жылы басталып, кейінгі 8 жыл ішінде өндіріс көлемі ұлғайды. Көтерілу шыңы 1990 жылға сәйкес болды. ІЖӨ сол кезде 4,5 %-ға жетті. Машина жасау, химия, электронды-техникалық салалар жақсы дамыды. Ғылыми зерттеулерде көп қажет ететін тауарлардың әлемдік нарығында ГФР Жапонияны озып, ІІ орынға шықты (2 %). Экспорттық операциялардың үрдісі бойынша да ГФР АҚШ-тан кейінгі ІІ орынды иеленді. Өнеркәсіп өндірісінің дамуына байланысты экспорттың тез өсуі сыртқы сауда да көп пайда келтірді. 1990 жылы сыртқы сауда көлемі 148,5 млрд маркаға жетті (2 жыл бұрын 128 млрд марка болатын). Ақырында жұмыссыздық мәселесі де шешіліп жатты. Оның деңгейі тез болмаса да, төмендей берді. 1990 жылы 10 жыл ішінде алғаш рет ол 2 млн адамнан аз болды (халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 7 %-ы). Даму жылдарында ГФР қаржы жүйесі тұрақты болды.
Сыртқы саясат басымдылықтарын Г.Коль канцлер атағын алу күресінің басында-ақ көрсетті. Ол ГФР рөлін әлемдік қауымдастық мүшесі ретінде