Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Бақыт Бөжеева
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Учебная литература
Год издания: 2010
isbn: 9965-29-514-X
Скачать книгу
АҚШ-тың біріккен басқаруындағы әскери күшінің таралатындығы туралы жарлыққа қол қойды, әрине, бұл тікелей бұрынғы кеңестік кеңістіктегі Ресейдің мүддесіне әсер еткені сөзсіз. Тіпті, 2000 жылдың маусымында АҚШ пен Ресей президенттерінің Біріккен мәлімдемесі де екіжақты қарым-қатынастардың кикілжіңін жеңілдете алмады, бірақ екі елдің де достық және өзара сенімді қарым-қатынасын дамытуға ерекше көңіл бөлінетіндігін білдірді.

      Президент кіші-Дж. Буштың республикалық әкімшілігі АҚШ-тың қазіргі әлемдегі орны мен рөлі жөніндегі жаңа көзқарасты қалыптастырды.

      2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік іс-әрекет американдық сыртқы саясаттың басымдылығын түбегейлі өзгертті.

      2001 жылдың желтоқсан айында АҚШ лаңкестікке қарсы коалициядағы жақтастарымен бірігіп, Ауғанстандағы талибтер жүйесіне қарсы кең көлемдегі әскери әрекеттерін бастады. Талибтердің негізгі күштері талқандалған болатын, бірақ та ұйымдастырушылары, халықаралық лаңкестікке дем берушілер мен Усама бен Ладен табылмады. Осыдан кейін Буш әкімшілігі лаңкестікке қарсы іс-әрекеттің екінші кезеңін дайындауға кірісті, мұндағы басты мақсаты ретінде Ирактағы Саддам Хусейн тәртібін талқандауды көрді. Бірақ осы жолы АҚШ үкіметі БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің қолдауын алуға тырысты. 2002 жылдың қыркүйегінде АҚШ президентінің БҰҰ-да сөйлеген сөзінде Иракқа қарсы коалицияны кеңейтуге шақырды және Иракқа әскери басқыншылық әрекетіне қарсы елдерді, атап айтқанда, Ресей, Германия, Франция, Қытай және тағы басқа елдерді көндіре алмады. Ұзақ әрі күрделі келіссөздерден кейін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі № 1441-мәмілеге келу жөнінде қарар қабылдады. Бұл қарарға сәйкес Ирак өз жеріне жаппай қырып жоятын қару түрлерін өндіру барысын дәйектейтін фактілерді анықтау үшін халықаралық бақылаушыларды кіргізуге міндетті болды.

      Шындығында, Иракқа қарсы әуе соғысы 1998 жылдың желтоқсан айында басталған болатын. 2002 жылдың ортасында Ұлыбритания мен АҚШ авиациясы Ирак шекарасына 300 әуе шабуылын жасады, мұндағы басты мақсат Саддам Хусейн тәртібін талқандау болатын.

      2002 жылдың кыркүйегінде Вашингтонда жаңа «АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясы» басылып шықты, онда Дж. Буш әкімшілігінің сыртқы саясатының негізгі бағыттары көрсетілген.

      «Алдын ала әрекеттер доктринасы» атты құжатында АҚШ-тың бірден-бір үстем етуші держава мәртебесіне қарамастан, өзін қауіпсіздік жағдайында сезіне алмағандықтан, халықаралық лаңкестік ұйымдармен ұзақ және шиеленісті күрестерге дайын болуы тиіс делінген.

      Халықаралық лаңкестіктің әлемге тез таралуындағы басты себеп ретінде Дж. Буш әкімшілігі «үшінші әлем» елдерінің экономикалық артта қалуынан, миллиондаған адамдарды аштық пен кедейшілікке әкеп соқтырған олардың әлеуметтік саясатының тиімсіздігінен, сонымен қатар ең қарапайым және қол жетерлік биліктің демократиялық институттарының жоқтығынан болды деп түсінді. Осындай жағдайлардан шығу үшін АҚШ және Батыстың басқа