Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Бақыт Бөжеева
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Учебная литература
Год издания: 2010
isbn: 9965-29-514-X
Скачать книгу
соттың шешіміне сенді және Джордж Буш жеңіске жетті деп есептеді. Көп ұзамай А. Гор соттың шешімімен толық келіспейтінін, алайда, онсыз да бөлініп кеткен қоғамдағы жағдайды шиеленістірмеу үшін сот шешімімен келісетінін жариялады. Бес апталық көптеген даулар мен сот үрдістерінен кейін Америка өзінің жаңа 43-президентінің есімін білді. Кіші-Дж. Буш АҚШ тарихында әкесі президент болған (Адамстан кейінгі) екінші президент болып сайланды.

      Президент болып сайланғаннан кейін кіші-Дж. Буш Техаста құрылған «Жаңа жұлдыз» атты пресветериандық ұйым үлгісіндегі халықтың кедей бөлігіне уақтылы және маңызды әлеуметтік көмек көрсете алатын қайырымдылық және діни ұйымдардың қызметі жайлы ұлттық бағдарлама қабылдады. Сонымен қатар ірі капиталға салық көлемі азайтылды және жеке кәсіпкерлікті қолдау шаралары жасалды. Р. Рейганның үлгісі бойынша кіші-Дж. Буш жұмысшыларының жалақысын көтеруді талап еткен кәсіподақтарға қарсы күрес жүргізді.

      2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік әрекет нәтижесінде 3,5 мың адам қаза тауып, әкімшілік ғимараттардың 34 млн шаршы фут алаңы бұзылды, 100 мыңнан астам адам жұмыссыз қалды, салық жетіспеушілігі 1,6 млрд долларды құрады, жалпы зардап 50 млрд долларға тең болды. Америка үлкен зардап шекті. АҚШ-тың бүкіл тарихында америкалық халық өз аумағында толық қауіпсіздікті сезіне алмайтынын түсінді.

      Кіші-Буш президенттігінің алғашқы күнінен басталған экономикалық тұралау (2001 жылдың наурызынан) аяқасты ірі америкалық корпорациялардың есеп беруіне байланысты қаржы-экономикалық дауды шиеленістірді. Алғашында Буштың сайлау алдындағы науқанын қаржыландырған АҚШ-тың ірі энергетикалық «Энрон» компаниясының қаржылық қиянатын білгенде америкалықтар қатты күйзелген болатын. Ізінше «Уорлдком» және «Ксерокс» корпорацияларында қаржылық айла-шарғысына қатысты да жанжалдар туындаған болатын. Осыған ұқсас миллиардтаған шығындарды тек акционерлерден ғана емес, сонымен қатар мемлекеттен жасырған басқа ірі корпорацияларда да даулар болды.

      Қаржылық бұзушылықтың өріс алуынан қорыққан президент барлық жауапкершілікті өзінің алдындағы Б. Клинтонға жапты, яғни 90-жылдардың ортасынан бастап тіркеле басталған деп ақталуға тырысты. Сонымен қатар ол елдегі барлық ірі фирмаларды мұқият бухгалтерлік тексерістен өткізу туралы шешім қабылдады. Алайда, бұл шаралар америкалық кәсіпорындарға деген сенімнің жоғалуын тоқтата алмады. Қор биржаларында акция курсының төмендеуі, кәсіпорындардың өндіріс көлемін қысқартуы, үлкен әскери шығындар бір сөзбен айтқанда, үкіметтің экономикалық жағдайды тұрақтандыру үмітін ақтамады.

      2002 жылдың жазында Буш Техас штатында ұлттық экономикалық форум өткізді. Президент америкалықтарды елде ешқандай экономикалық дағдарыс болмайды деп тыныштандыруға тырысты. Буш әкімшілігі америкалық экономикаға деген сенімді қайтару және доллардың түсуін тоқтату үшін «Әділ бизнес туралы билль», ал Конгресс қаржы-экономикалық қылмыс үшін жауапкершілікті күшейту жөнінде бірқатар заңдар қабылдады.

      Буш