Бірақ географиялық нигилизм бағыты басымдық танытып, географиялық фактордың белсенді рөл атқаратынын дәлелдеген ғалымдардың көзқарасы есепке алынбады. Көп уақыт өтпей-ақ тоталитарлық саяси жүйеден қолдау көрген географиялық нигизизм идеясы миллиондаған көшпелілердің апатымен аяқталды. Географиялық нигилизм өкілдерінің бірі Б.Н.Семевский: «Адамзат тарихы өзінің дамуында үнемі табиғатпен күресіп келеді», – деп тұжырымдаған болатын28. Б.Н.Семевскийдің бұл тұжырымынан жеті жыл бұрын экономист-агроном Н.Кожанов: «адамның табиғатты өзгертемін деуі қате; адамның табиғатты эксплуатациялауы, оның салдарынан болатын табиғат апаты ешқашан өзгермейді… шығармашылық даму мәдениеті бар адам ғана табиғатты өзіне неғұрлым қолайлы бағындырады», – деп басқаша баға білдірген29. Н.Кожанов пікірінше өңір мәселелерін шешудің нақты жолы – «абсолютті жайылым», яғни мал шаруашылығын дамыту. Қоршаған ортаға сәйкес келмейтін шаруашылықтың басқа түрі қоршаған ортаны әрі онымен тығыз байланыстағы мал шаруашылығы дағдыларын да жояды30. Қазақстан мен Орта Азияның ауыл шаруашылығын дамытуда табиғи орта мен оның ерекшеліктерін ескеруді ұсынғандар қатарында РКФСР Мемлекеттік жоспар қызметкері, кейін «Чаянов-Кондратьев бандыларының бірі» деп айыпталған профессор А.Н. Челинцев, Орта Азиядағы экономикалық аудандастыру принциптерін жүзеге асырған ғалымдар Ю.Пославский, Н.Ярошевич, ҚазАКСР-інің жоспарлау органының қызметкерлері А.Донич, М.Сириус, т.б. болды. Агроном М.Сириус: «Қазақстанның егістігін біз жобалап отырған 3 – 4 млн. га-дан 15 млн. га-ға көтеру қате. Қазақстанның табиғи жағдайында егін шаруашылығы тиімсіз, жерді жыртқыштықпен пайдалану жайылымға қолайлы жерлерді құлазыған далаға айналдырады. Сондықтан егісті ықшамдап, мал шаруашылығына көшу керек», – деп айтты31. С.П. Швецов қазақ ауылының экономикасы мен тұрмысына, сонымен бірге қоныс аудару Басқармасының тәжірибелеріне сүйене отырып: «табиғат, оған бейімделген шаруашылық секіріс дегенді білмейді», – деп айтты32. «Қазақстандағы көшпелі тұрмысты жою даланың мал шаруашылығы мен қазақ шаруашылығына ғана кесірін тигізбейді, ол сонымен бірге
Автор: | К. А. Саркенова |
Издательство: | КазНУ |
Серия: | |
Жанр произведения: | История |
Год издания: | 2011 |
isbn: | 9965-29-641-3 |
тән көшпелі тұрмыстың осы күнге дейін сақталуы – қазақ және қазақ шаруашылығы отырықшы халықтың мәдени дәрежесіне дейін көтеріле алмайды деген сөз емес… – малшы қазақтың көшпелі болуы айнала қоршаған табиғи ортада басқаша мүмкін емес», – деген26. Зерттеуші Прокопович өзінің «Қазақстан жағдайындағы жоспарлы шаруашылық принциптері» еңбегінде: «Қазақстанның қазіргі қалыптасқан жағдайында асыра сілтеуге болмайды, мал шаруашылығындағы ғасырлар бойы бағалы капитал – халықтың мал шаруашылығы дағдыларын – әлемде мал саны азайып отырған уақытта сақтап қалу керек… Тау-кен ісінің интенсивті дамуы, оның тартымдылығы ауыл шаруашылығы халқының басым бөлігін өзіне тартатыны айқын әрі оның мал шаруашылығына тигізер зардабы көп уақыт өтпей-ақ білінеді», – деп жазды27.
26
Кондратьевщина в Казахстане. Сб. ст. – Алма-Ата, 1931. – С.23 – 24.
27
Народное хозяйство Казахстана. 1926. № 1. – С.15,12.
28
Народное хозяйство Казахстана. 1932. № 5. – С. 46.
29
Основные положения с. – х. экономики. – М. 1925. – С. 22.
30
Новиков Ю. Конец “абсолютного пастбища” // Простор. 1989. № 6. – С. 123.
31
Народное хозяйство Казахстана. 1930. № 5-6. – С. 80.
32
Новиков Ю. Конец “абсолютного пастбища” // Простор. 1989. № 6. – С. 120.