Өмір – сынақ. Анар Мешимбаева. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Анар Мешимбаева
Издательство: Автор
Серия:
Жанр произведения: Биографии и Мемуары
Год издания: 2022
isbn:
Скачать книгу
органдардан бір саты жоғары тұрады. Егер олар елдің көзінше біреуді айыптаса, ары қарай тоқтамайды.

      Тергеуші шын мәнінде әдепті екен. Өзін өте ұстамды ұстайды. Оны маған арнайы тағайындаған секілді. Тергеушілердің бейәдеп қылығына арызданбасын деген ғой.

      Бір жолы ғана ашуыма қатты тиді. Кезекті тергеуде жас тергеуші дауыс көтеріп, пафосты сөздер айтты:

      – Сізге Президент орталық мемлекеттік органды басқаруды тапсырды…

      Шыдамай кеттім:

      – Мені бағалайтын адам сіз емес, – дегенде дауысым жарықшақтанып шықты. Алайда, адвокат қандай жағдай болса да дауыс көтермеңіз деп ескерткен.

      Төрт ай бойы сол тергеушінің тергеуіне барып жүрдім. Төрт жылдан кейін экстрадиция жасалған соң мені тағы да соның алдына әкелді.

      2009-жылы тергеу жасағанда ол шындықты түсінуге, анықтауға тырысқан еді. Бірақ, барлық қатысушылардың әрекетін Қаржы полициясының тәжірибесіне сүйеніп қана бағалады. Ол мемлекеттік басқарушылардың арасында пара алмайтындары бар дегенге сенбеді.

      Егер мемлекеттік тендер қаржысы жалған фирмалар арқылы қолма-қол ақшаға айналса, онда оларды тек сол мемлекеттік органның басшысы алды дегенге сенеді Қаржы полициясы. Ешкімнің ала жібін аттамайтын, бизнестің салық төлемеу үшін түрлі схемалар жасайтынын білмейтін адал мемлекеттік қызметкер бар дегенге Қаржы полициясы сенбейді.

      Төрт жылдан кейін ол ештеңені анықтауға тырысқан жоқ. Менің орынбасарларыма қатысты сот үкімі кесілген. Менің қолыма «Статистер ісінің» 35 томын ұстатты.

      Команда

      Тергеуден кейін жұмысқа келдім. Агенттікте – өлі тыныштық. Ел сыбырласып сөйлесуге көшкен. Сол сәтте тыныштықтың қорқынышты болатынын сезіндім.

      Соңғы екі жылда Агенттікте тыныштық деген мүлде болмаған. Тұтас Агенттік бір команда болып жұмыс істеді. Команда – жақсы сөз. Команда – бәрі бір идеяға жұмылып, бір-бірін қас-қабақтан, ыммен-ақ түсінісе жұмыс істеу.

      Жұмысты әр қызметкер модернизацияға қатысатындай етіп ұйымдастырдық. 200 статистикалық форманың бәрін қарап шықтық. Алдымен форманы бас маман оңтайландырды. Сосын бөлім басшысы тексерді, сосын департамент директорының орынбасары, артынша департамент директоры қарады. Форма Ақпараттық-есептеу орталығына өтті. Сол жерден оны электронды түрге айналдырады. Қорытынды жұмысты бірінші орынбасарым қарайтын. Содан кейін бүкіл компания – әр форманы жасауға қатысқандар – бәрі бірге маған келетін.

      Менің қатал бағалаушы екенімді білетін. Формаға статистер көзімен емес, қарапайым қолданушының көзімен қарайтынмын. Сондықтан қызметкерлер қатты алаңдайтын. Бірақ, ол алаң – қуаныштың алаңы еді. Әрбірі өзінің ортақ іске үлес қосқанын сезінетін.

      Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы Алматыда қалған. Сондықтан статистикалық көрсеткіштерді есептеуді ескі әдістермен жасайтын. Әр программистке бірнеше форма бекітіледі. Программист ауысқан кезде жаңа бағдарлама жазылатын. Соның кесірінен электронды ақпараттық базаны жасақтау оңайға түспеді. Агенттіктің сәйкеспейтін мәліметтерін ешкім түзегісі келмеді. Сондықтан Ресейде рейтинг бойынша