Өмір – сынақ. Анар Мешимбаева. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Анар Мешимбаева
Издательство: Автор
Серия:
Жанр произведения: Биографии и Мемуары
Год издания: 2022
isbn:
Скачать книгу
ескі таныстарын көргендей күй кешті. Статистикада жүрген екі жыл – шын мәнінде өте аз мерзім. Статистика – өте ұқыпты, ұзақмерзімді процесс. Бұл саладағы адамдар он жылдап, кейде өмірбақи жұмыс істеп жатады. Бірақ, мені елдің бәрі білетін. Мен халықаралық сессияларға жиі қатыстым, өзекті әрі даулы тақырыптарды талқылауға белсене атсалысатынмын, Агенттік қызметкерлерін оқытуға әртүрлі елден сарапшылар іздейтінмін.

      Мені Канададағы Қазақстан елшісінің резиденциясын көруге шақырды. Кішігірім ағаш коттедж. Елші сабырлы, қарапайым кісі екен. «Қазақстаннан келген бірінші қонағымыз өзіңіз болдыңыз», – деп жымиды. Шығыстың тәттілерін ұсынып, шайға шақырды. Туған елдің жаңалықтарын сұрады. Бұл кісі жаңадан тағайындалған еді. Ол хаттама, дипломатиялық істермен шектелмей, Қазақстан-Канадаға қатысты ортақ жобаларды жасауға белсене кірісіп жатқаны байқалды. «Канаданың ірі компаниялары Қазақстанда өз жобаларын жүзеге асыруға дайын», – деді. Аз-кем үзілістен кейін былай деп қосып қойды:

      – Жәкішевті тұтқындаған соң олардың жобалары нендей күй кешпек? Канадалық компаниялар алаңдаулы. Мұны Үкіметке айта барарсыз.

      Мұхтар Жәкішев ол кезде елдегі «Қазатомпром» атом компаниясының басшысы еді. Мен бір апта Канадада жүргенімде оны тұтқындапты. Бұл мен үшін тосын жаңалық болды. Өткен айда ғана өзі жас, өзі білімді аталмыш компания президенті Үкімет алдында есеп беріп, жоспарымен бөліскен еді. Оны бәрі қолдап, мақтап, осы компанияның әлемдік нарықта көтерілуіне мол үлес қосқанын атап айтып еді. Сөйтеді де, кенеттен тұтқындайды. Сол жағдайдың бел ортасында жүрмеген соң: «Бәлкім, шынымен әлдене дұрыс жасамаған шығар?» – деп күдіктенесің.

      – Әрине, айта барамын, – деп елшімен қоштастым. Сол сәтте «бұндай жағдайдың бел ортасында» өзім де қалатынымды сезбеген едім.

      Қолым бос күні Көркем сурет музейіне бардым. Ашық аспан, жарқын күн, тыныштық. Сонда да көңілім алаң. Астанадағы Агенттік не боп жатыр екен?

      Түн ішінде бірінші орынбасарым Біржаннан смс келді. «Баятовты тұтқындады» (Санақ бойынша орынбасар).

      – Не үшін?

      – Анықтауға тырысып жатырмыз.

      Ұйқы қашты. Алда әлі екі күндік конференция бағдарламасының жиыны бар. Бірақ, ойым мыңдаған шақырымдарға шапты.

      Келесі күні жаңа смс. «Босатыпты». Арқамнан ауыр жүк түскендей.

      Жарты күндік сессия өтті. Тағы смс: «Қайтадан тұтқындапты».

      Не істеуім керек? Жұмыстағы шешімталдығыма қарамастан, көп адам елге тым сенгішсің деп сынайтын. Тым сенгіш деген қалай сонда? Шындық, бұл – шындық. Өтірік, бұл – өтірік. Ал, әр адамның бойында бар құнар – адамгершілік. Елге қайту керек. Ел басшысына бару керек. Олар тексеріп, бәрін анықтайды. Жібереді деп ойладым.

      Сессия бітті. Елшілік қызметкері мені әуежайға шығарып салды. Тіркеуден өттім, паспорттық бақылаудан өттім, ұшаққа отырғызатын есіктің алдында отырмын. Рейс шегерілді. Сосын Германияда ауыстырып мінетін екінші ұшаққа кешіктім. Астанадағы полиция