Қарсақбай және қарсақбайлықтар. Сағындық Қожамсейітов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Сағындық Қожамсейітов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Биографии и Мемуары
Год издания: 0
isbn: 9785005105080
Скачать книгу
тыңдалды. Қабылданған шешімде социалистік жарысты өрістету, ұжым мүшелері арасында рационализаторлық және өнертапқыштық қозғалысты өрістету, өндірістік кеңестердің ролін арттыру міндеті қойылды. 1930 жылы мамырда социалистік жарыспен ұжымның 83 пайызы қамтылды, жалпы тиімділігі 300 мың сом рационализаторлық ұсыныстар өндіріске енгізілді. Келесі жылы зауытта өндірістік кеңестердің, рационализаторлар мен өнертапқыштардың ұсыныстарын іске асыру арқылы 1 млн 130 мың 661 сом үнемделіп, өнімнің өзіндік құнын 7,53% кемітуге мүмкіндік берді.

      Кәсіподақтар жұмысшылардың демалысын ұйымдастыруға, ойын-сауық, мәдени-көпшілік, дене тәрбиесі және спорт шараларын ұйымдастыруға басты назар аударды. Отызыншы жылдардың басында Ұлытауда металлургтердің демалыс үйі ашылды. Онда жыл ішінде 600-дей жұмысшы-қызметкер дем алып, денсаулығын түзеді. 1938 жылы жазда «Ұлытау» кеңшары негізінде ұйымдастырылған пионер лагерінде 300-ден астам металлургтердің, кеншілердің, ұжымшаршылардың балалары демалды.

      Кенебаев Нарымбай (1903, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы, Бала Жезді ауылы – 1988) – Қарсақбай зауытына еңбегі сіңген металлург. Еңбек жолын Қарсақбай комбинатында озат паровоз машинисі болған Даяр Мырзатовқа көмекші болып бастаған. ІІ дүниежүзілік соғысы кезінде металлургтер Қамен Сейтенов пен Мұхмет Қошановтың ауысымдарында фурмашы болып еңбек еткен. Зуыттың шарпу және конвертор пештерін жөндеуге қатысқан. Мерекелердің құрметіне көтерілетін зауыттың 100 метрлік зәулім тұрбасының ұшар басына ту ілушінің бірі болған.

      1955 жылы зейнет демалысына шықты. Кенебаев шежірені жетік білетін. Ата-бабалары, Сағындық батыр жайлы үлкендерден естігендерін жадында сақтап, жүйеге келтіріп, өсіп келе жатқан жасөспірімдерге айтып отырған. Өзінің зерделілігімен жұртты таңқалдыратын. Атбегілік өнері жүйрік ат ұстауымен көрінген. Бәйгеге ат қосып, жаратқан күреңі аудан орталығы Қарсақбайда өткен мерекелік тойлардағы жарыстарда бірнеше рет бірінші болып келген.

      Кенебаев Нарымбай

      Өндірістік тапсырмалардың асыра орындалуына байланысты КСРО-ың «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, түсті металлургия министрлігінің және зауыт басшылығының мақтау қағаздарымен марапатталды.

      Сейітбаттал Кенебаев.

      Кеңгірлаг (СтепЛАГ) – Лагерь 1940 жылы 1 сәуірде жұмысын бастап 1957 жылы жабылды. 1940 жылы Кеңгір өзенінің жағасында «Жезқазған лагері және КСРО ІІХК ГУЛАГ-ның комбинаты» құрылды. 1943 жылы Үлкен Жезқазғанның бөлімдерінің бәрі ІІХК-ның қарауына беріліп, ол «ІІХК Жезқазған еңбекпен түзеу лагерь-комбинаты» деп аталды. 1947 жылы №4 Ерекше лагерь немесе СтепЛАГ деп аталды. 1942 жылы 1 қаңтарда лагерьде 140 тұтқын ұсталды. Сотталғандар негізінен кінәсіз жұмысшылар, колхозшылар, инженерлер, дәрігерлер және ІІХК тізімімен құрылысқа, шахталарға еңбек күші керек болғандықтан қамалған адамдар болды. Соғыстан кейін лагерьге 12 мың кеңес тұтқындарына 8 мыңға жуық соғыста қолға түскен немістер мен жапондықтар келіп қосылды. Лагерь төрт негізгі бөлімшеден