ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ. Кеңес Оразбекұлы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Приключения: прочее
Год издания: 0
isbn: 9785005103062
Скачать книгу
тарқатып, босатып алады. Оның бір ұшын терезе жақтауына байлайды да, екінші ұшын терезеден ары асырып жібереді.

      ***

      Үшеуі дәліз бойымен еппен, мысықтабандап жүріп, асхананы тауып алады. Бірақ есігінің алдында бір күзетші тұр екен.

      – Енді не істейміз? – деді Ер қобалжып. – Әлде оның көзін жоғалтамыз ба?

      – Жоқ, болмайды, – деді Би. – Парсылар күдіктенсе, жоспар-ымыз жүзеге аспайды.

      – Онда қандай амал бар?

      Бауырлар ойланып қалды. Бір кезде Нар:

      – Мен қазір күзетшінің алдына барамын да, адасып кеткенімді айтып, қонақ күтетін залдың қайда екенін сұрап, шалғытып тұра-мын. Сендер сол кезде байқатпай кіріп кетесіңдер. Ал, мен жөнелдім.

      – Жолың болсын!

      Нар күзетшінің алдына барып, адасып кеткенін айтып еді, ол қонақ балаға ұзын дәлізді көрсетті де:

      – Осы дәлізбен тіке жүре берсең, оң жағыңнан жоғары көтер-ілетін текпешекті көресің. Сол арқылы келесі қабатқа көтеріліп, оңға бұрылсаң, оюлы алтын есікті көресің. Міне, сол өзің іздеген қонақасы беретін үлкен бөлме.

      Нар рақмет айтып, дәлізге қарай аяңдады.

      Дәл осы уақытта, Ер мен Би күзетшінің арт жағынан асханаға өтіп, аспазшылар мен даяшыларға байқалмай, үстелдің астына кіріп кетеді. Соның астында тұрып, үстел-жапқыштың арасынан сығалап, асханадағы бар жайды бақылап отырады.

      Аз өтті ме, көп өтті ме, бір уақытта асханаға бас уәзір кіріп келеді. Ол бас аспазды оңаша шығарып, бір шынысауытты ұстатады да, құлағына сыбырлап бір нәрселерді түсіндіреді. Аспаз «түсіндім» дегендей басын изейді. Уәзір кеткеннен кейін бас аспаз шыны-сауыттағы сұйық-тықты іргеде қаз-қатар тұрған төрт құмыраға құйып шығады.

      – Көрдің бе? – деді Ер бауырына қарап. – Құмыраларға у құйып шықты. Енді оларға шарап құяды да, қонақтарының алдына апарады. Әне, бас аспаз даяшы жігіттерге кетті. Біз оларды тезірек басқа құмыралармен алмастырайық.

      Екеуі жүгіріп барды да, у құйылған құмыраларды алып, олардың орнына басқа құмыраларды ауыстырып қойды. Әлгі құмыраларды өздері жасырынған үстел астына апарып жасырды да, өздері еппен жылдам жүріп, асхананың шығар есігіне беттеді.

      – Енді күзетшіден қалай шығамыз? – деді Ер.

      – Былай болсын, – деді Би. – Біз үшеуміз егіз қозыдай ұқсас емеспіз бе? Мен қазір Нар болып күзетшіге барайын да, адасып кеткенімді айтып, жолды тағы сұрайын. Ол түсіндіріп жатқан кезде, сен сытылып шығып кетесің. Жарайды ма?

      – Болсын, – деді Ер.

      Би сыртқа шығып, күзетшіге жақындады. Күзетші көзі шара-сынан шыға таңданып:

      – Сен мұнда қайдан жүрсің?! Мен әлгінде ғана саған жол көрсетіп едім ғой, – деді.

      – Рас, көрсеттіңіз. Бірақ мен байқаусызда басқа жаққа бұры-лыппын. Содан адасып жүріп, асхананың қызметшілеріне арналған екінші есігінен кіріп кетіппін. Маған жолды асықпай қайта түсіндірсеңіз.

      – Онда жүр, – деді күзетші Биді дәлізге таман ертіп әкеліп. – Жақсылап ұғып ал. Осы дәлізбен тіке жүре бересің, оң жағыңнан жоғары көтерілетін текпешекті көресің. Сол арқылы