ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ. Кеңес Оразбекұлы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Приключения: прочее
Год издания: 0
isbn: 9785005103062
Скачать книгу
халық баспасының аға редакторы.

      Үркерліктер

      Сарыағаш кентінің орталық көшесі саябаққа келіп тіреледі. Жазда демалыс кезі болғандықтан, балалардың көбі осы саябақта. Майда балалар ойын алаңындағы әр түрлі әткеншек, сырғанақтарды ермек етсе, ересектері көбіне спорт алаңы мен шағын стадионды айналшықтайды. Балалардың тағы бір сүйіп ойнайтын жері – саябақ төріндегі «Ерлік алаңының» маңы. Шеңберлене салынған алаңның бір бүйірінде – ескерткіш-монумент. Онда дала қаһармандары, Тұран ерлері – Алып Ер Тоңға, Тұмар ханым, Шырақ батыр, Мөде қаған, Еділ патша, Қайыр хан, Бейбарыс сұлтанның қоладан құйыл-ған сом бейнелері қаһарлы да сұсты көрінеді. Ескерткіш-монумент «Тұран қаһармандары» деп аталғанымен, балалар ескерткіш алдын-дағы алаңды өздерінше «Ерлік алаңы» деп атап кеткен. Бұл алаңды әсіресе бір үйдің үшем егіздері – Ертөре, Битөре, Нартөре сүйікті орындарына айналдырған. Үйлері саябақтың іргесінде болған-дықтан, уақыттарының көбін осы алаңда өткізеді. Семсерлесу, күрес, тир ату, асық ойындарын ойнайды немесе үшеуі ескерткіш алдындағы орындыққа жайғасып алып, кітап оқиды. Әке-шешелері олардың ел тарихын сүйіп оқитынын және ерлікқұмарлықтарын ескеріп, күні кешегі 13 жас – мүшел тойларында үшеуіне «Дала қаһармандары», «Қазақ батырлары», «Тарихи тұлғалар» атты көркем суретті әдемі кітаптар сыйлаған. Міне, осы кітаптар соңғы кездері олардың қолдарынан түспейді. Ұзынша орындыққа жайғасып алып, біреуі кітапты дауыстап оқыса, қалғандары оны ұйып тыңдағанды сүйеді. Тіпті үйлерінде де жастанып оқуды әдеттеріне айналдырған.

      Үшем болғандықтан, үшеуінің де түр-келбеттері егіз қозыдай ұқсас. Киіп жүретін киімдері де бірдей. Сол себептен былайғы жұрт үшеуін жиі шатастырады. Ал ата-аналары мен достары оларды тек шаштарына қарап қана айыратын. Үшеуін түстеп тану үшін әкелері Еділ олардың шаштарын әрдайым үш түрлі алғызатын. Ертөренің кекіл шаштары тікірейіп тұрса, Битөренің төбесінде – желкілдеген айдар, Нартөреге екі самайынан тұлым қойғызған. Бірге ойнайтын балалар олардың аттарының «төрелерін» алып тастап, Ер, Би, Нар деп қысқартып атайтындары былай қалып, кейде «тұлымды», «кірпі», «айдарлы» деп те атайтын. Ал үшеуі оған ренжімейді, қайта сол ерекшеліктерін мақтан тұтатын сияқты. «Ата-бабамыздан қалған шаш қою үлгісі ғой. Біз сол ер бабаларымыздың ғұрпын қайта жандандырдық. Ер болсаңдар, сендер де сөйтіп шаш қойыңдар-шы», – дейді. Ал әлгілер содан кейін жым болғаны былай тұрсын, олардың сол ерекшеліктеріне ауыздарын аша қарап, іштей қызығып та қалады. Бірақ сондай ерлікке тәуекел ете бермейді.

      Балалар бүгін де Ер, Би, Нарға еріп, «Ерлік алаңына» келді. Үшемді орталарына алып, қаз-қатар тұрды да, күндегі әдеттерінше бабалар монументіне тағзым етті. Артынша бәрі қолдарын кеуделеріне қойып:

      Біз – Тұранның ұлдарымыз!

      Ерлік – басты ұранымыз!

      Ойын да соған дайындық,

      Отаншылдық – жыр-әніміз! —

      деп девиз-ұрандарын айтты. Содан кейін өздері қалаған ойын-дарына кірісіп кетті.

      Ақшам жамырай балалар үйлеріне біртіндеп тарай бастады. Айсұлтан: «Ой, көріп жатқан сериалым