Гүлмінездің гүлдері. Кеңес Оразбекұлы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Книги для детей: прочее
Год издания: 0
isbn: 9785449898593
Скачать книгу
тізілген жазуды әуезді сәби үнімен мың құбылта оқи жөнелді:

      – Шуағыңмен

      Әлемді

      Аймалайсың, Алтын Күн,

      Аралайсың бар елді,

      Қалін біліп халқыңның.

      Ел-жұрт сені көрмесе,

      Сағынысып қалады.

      Айтшы, Алтын Күн,

      ендеше,

      Қай жер саған бағалы?

      – Орман, тоғай, күллі

      жер —

      Бәрі бірдей мен үшін.

      Болсын деймін мұңсыз ел,

      Көркейтемін өрісін.

      Қажеттігің сезілсе,

      Аралаудан шаршар кім?

      Ал, балақай, өзің ше,

      Айтшы не деп ән салдың?

      – Неткен ғажап, тау елі,

      Аймағың! – деп ән салдым.

      Бәрінен де әдемі

      Жайлауың! – деп ән салдым.

      Ата-әжемсіз әдемі

      Болар ме ең? – деп ән салдым.

      Ата-әжемсіз

      Бұл жерге

      Жолар ма ем? – деп ән салдым.

      – Жақсы бала – жарқыным,

      Сендер үшін нұрланам.

      Бар екен, – деп – ақылың,

      Ырза болды Күн маған.

      Қос қария қорғасындай балқып, ыдыс ернеуіндегі сұйықтай тынып қалыпты. Гүлмінез де өз даусының жаңғырығын тыңдағандай ұмсына түсіп, селт етпейді.

      Бірінші болып әжесіне тіл бітті:

      – О, ақынжанды жүрегіңнен айналайын, сенің!.. – деп келді де. – Тфә-тфә! Тіл-аузым —тасқа, – деп бітірді.

      Сұңғыла атасы да қарап қалған жоқ.

      – Ойы – нәр, тілі – бал немерем ғой менің. Талабың таудай бол-сын! Кәне, ақ маңдайыңнан иіскейінші, – деп орнынан тұрып жатты…

      ГҮЛМІНЕЗДІҢ КҮЛКІСі

      ҰРЫСЫП ЖАТЫР

      Бірде екі жарым жасар Гүлмінезді анасы балабақшадан алып келе жатқан. Көше бойында бір кішкентай қанден ит оларға шәуілдеп үріп қоя берді. Күшіктің иесі орыс кемпір:

      – Кейін қайт, тыныштал! – деп, жекіп қалып еді, Гүлмінез:

      – Мама, ана қарашы, күшікті мамасы ұрысып жатыр, – деді қанден итті аяғандай болып.

      СУДЫ ШАШЫП

      Көше қиылысындағы асфальттың ойыс жерінде шалшық су жиылып қалған екен. Троллейбус соны кешіп өте беріп еді, дөңге-лектің екпінінен шалшық су жол ернеуіне шашырап кетті.

      – Мама, ана машина суды шашып, жолды жуып жатыр, – деді өзінше түсіндіріп.

      ҚОЙ ДЕГЕНДЕ…

      Шешелері үй-ішінің әптер-тәптерін шығарған қыздарына кейіп:

      – Әй, қой дегенде неге қоймайсыңдар! Өлтіресіңдер ғой адам-ды! – деген.

      Сонда Гүлмінез:

      – Өлме. Өлсең, бізден көресің, – дегені.

      ВАФЛИ

      Шешелері:

      – Вафли, вафли деп қоймап едіңдер. Енді қарамай қойдыңдар ғой, – деген. Сонда Гүлмінез:

      – Қазір, мен қарап қоям, – деді.

      ШАЙ ПІСІП…

      Гүлмінез асханадағы тоқ шәйнектің бұрқылдап жатқанын көріп, анасына жүгіріп келді:

      – Мама, мама, шай пісіп, шәйнек жөтеліп жатыр, – деді.

      ОЙНАП ЖҮРІП

      Гүлмінез