Гүлмінездің гүлдері. Кеңес Оразбекұлы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Книги для детей: прочее
Год издания: 0
isbn: 9785449898593
Скачать книгу
болам. Әйтпесе, далада оларға ешкім қарамайды. Сосын ғой, жазға жетпей қурап қалады.

      Шешесі мырс етіп күліп жіберді де, іле салмақты күйге ауысып:

      – Сен дұрыс жасамадың, Гүлмінез, – деді. – Табиғатта не нәрсе-нің болсын өз орны, өз заңдылығы бар. Бұлар – бәйшешектер, көк-темнің хабаршысы. Ерте гүлдейтіні де содан. Бұлар қурағанмен, орнын басқа гүлдер басады. Сонысымен де қымбат. Мына гүлдер қай жерде гүлдесе, сол жерде ұрық шашып, ендігі жылы тағы өніп шығар еді. Ал, сен, оларды бұл гүлзарға білместікпен зорлап әкелдің. Егер Жамал апайыңнан «табиғатты қалай қорғаймыз?» деп сұрап алғаныңда, бұл іс болмас еді.

      Гүлмінездің жүзі қызарып, төмен қарады. Шешесі қызының шашы-нан сипап:

      – Бұларды енді осы орнынан қозғамай-ақ қой. Екінші рет қателік жасамауға тырысасың. Жүр үйге, тамақ суып қалады, – деді.

      Ол ілбіп басып, шешесінің соңынан ерді. Сөйтсе де оның сана-сында «табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сырлы сауал жаңғырықтай тағы қайталанды. Осыны келесі сабақта апайынан сұрап алуға бекінді.

      ӘСЕР

      Жамал апай шәкірттерін ерекше көзқараспен барлап өтті.

      – Үйге берілген тапсырма не еді? Кім айтады?

      Үшінші қатардағы екінші партадан Әсиягүл мен Қамаш жары-са ұшып тұрды.

      – Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін жаттап келу, – деді қағілез Әсиягүл.

      Жамал апай сынып ішін асықпай қайта сүзіп шықты. Жәудір көз-дерден ынтазарлыққа толы төзімділікті аңғарды.

      – Ал, кәне, кім дайын? – деді ол сабырлы қалпын өзгертпестен.

      Балалар шулап қоя берді: «Мен айтайыншы! Мені шығарыңызшы, апай!»

      – Жарайсыңдар! – деді Жамал апай масаттанып. – Қуаныш-тымын. Сонда да тәртіпке келейік, балалар, тынышталыңдар! Сендерді журналдағы тізіммен шақырайын. Сөйтсек, әділ болады, жарай ма?

      Ұстаздарының сырын білетін шәкірттер құйын желпіп өткен құрақ-тай қайта тына қалды.

      Аты-жөні аталғандар тақтаға шығып, кезек алмасуда. Қайсы-сы болсын өлеңді асықпай, салмақты дауыспен айтуға тырысады:

      Ақ киімді, денелі ақ сақалды,

      Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

      Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

      Басқан жері сықырлап келіп қалды…

      Өлеңді іштей жарыса қайталап, аузы жыбырлап Гүлмінез де отыр. Ол терезе алдындағы партада еді. Аузы бүріліп-жазылып, көзін кірбитіп, басын терезе жаққа бұрған күйі, өзімен-өзі боп кеткенін сезген жоқ. Кенет құлағы әйнектің сықырына елең етті.

      Сыртта қарлы боран ұйытқып тұр. Көшенің арғы басындағы үйлер бұлдырап көрінеді. Өлеңнің мазмұны мен сырттағы көрініс сай келгендей. Гүлмінездің әсершіл көңілі елегізіп, көз алдына әлденелер елестеді.

      Терезені біреу ұрып тұрған сияқты, әйнек «тырс-тырс» етеді. Анық-тап қараса, ар жақтан қорқынышты бір бейне сығалайды. Апандай ау-зын ашып, қарлы үскірігін боратады дейсің: «У-у-у-у!».

      Гүлмінездің жүрегі кеудесіне сыймай, лүп-лүп соқты. Мөлдіреген бота көздері үрейге толы, денесін суық ызғар қарығандай тітіркенді.

      Әлгі құбыжықтың бұрқыраған демі көрінбес