Желтоқсан желі. Серік Асылбекұлы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Серік Асылбекұлы
Издательство: ЛитРес: Самиздат
Серия:
Жанр произведения: Драматургия
Год издания: 1997
isbn:
Скачать книгу
а киген Баймырза залдағы диванның үстінде электр шамның жарығымен кітап оқып отыр.

      Кенет пәтердің сыртқы есігі елеусіздеу ашылады да, үйге ентіге басып, Қайсар мен Ақмарал алқын-жұлқын кіріп келеді. Олар есіктің ішкі кілтін жайымен сырт еткізіп жабады да, алакөлеңке коридордың бұрышына тығылып тұра қалады. Екеуінде де өң мен түс жоқ.

      Баймырза: /сол қолындағы кітапқа үңілген қалпы/.

      Ке-ем-пі –ір!.. А, кемпешка!.. /Ешкім үн қатпайды./

      Тағы да үнсіздік.Баймырза кітабы мен көзіндегі көзәйнегін бұрыштағы жатаған үстелдің үстіне қойып, орнынан тұрды да, тәпішкесін тырп-тырп басып, коридорға шығады.

      Қайсар: /қысыла сыбырлап, ентігін әлі баса алмаған күйі/

      Сәлеметсіз бе,аға!…

      Ақмарал: Амансыз ба…

      Пәтер иесі алғашында беймезгіл, шақырылмаған қонақтарға аңтарылып, таңданған кейіппен сілейіп тұрып қалады.

      Баймырза: Саламатсыздар … Иә, бұл қай баласыңдар? Шынымды айтсам, жүздеріңді шырамыта алмай тұрмын.

      Қайсар: Аға, сіз бізді танымайсыз. Біз…

      Ақмарал: Біз демонстрациядан қашып шықтық. Ағай кешеден бері Брежнев алаңында қазақ жастарының Орталық комитет пленумының шешімдеріне қарсы болып, наразылық білдіріп жатқанын естіген шығарсыздар…

      Баймырза: Иә-иә, естігем. Құлағы керең, немесе мылқау біреу болмаса, оны естімеген жұрт жоқ болар бүгінде.

      Ақмарал: Ендеше, біз сол демонстанттардың біріміз. Жаңа солдаттар бәрімізді өрт сөндіргіш машиналардан су шашып, қару қолданып, алаңнан қуып шықты. Қолдарына түскендерін тұтқындап, түрмеге жауып жатыр…

      Қайсар: Бізді де бес-алты жазалаушы осы араға дейін қуып келді. Әзер қашып құтылдық. Әйтеуір сіздің пәтердің есігі ашық тұр екен…

      Баймырза: /әлі де аң-таң қалған кейіптен арыла алмаған күйі/ Иә,ашық болса, ашық тұрған шығар. Әлгінде осы үйдің кемпірі далаға мусор төгуге шыққан.

      Ақмарал: /көздері боталап, жылап қоя береді/ Ағай, бізді қуып шыға көрмеңізші! Жаңағы солдаттар ұстап алса, бізді құртады!..

      Баймырза: Ау, сендердің не жазықтарың бар соншалықты? Әлде…

      Ақмарал: /ентігін баса алмаған қалпы/ Жазығымыз – демонстрацияға қатысқанымыз. Құдай біледі, қиянатымыз жоқ. Ағатай, бізді қуып шыға көрмеңізші…

      Баймырза: Қой, жылама , қалқам. Қыстың көзі қырауда жетім торғайдай пана іздеп келген екенсіңдер, олай болса, мен сендерді қуып шыға алмаспын. Тәуекел…

      Ақмарал: Алла разы болсын, аға!..

      Қайсар: Рахмет…

      Баймырза: Ал, шешініп, былай шығыңдар. Жаурап та қалған шығарсыңдар.

      Ақмарал мен Қайсар шешіне бастайды. Осы кезде біреу сырттан есіктің тұтқасын бұрайды да, оның жабық тұрғанын көргеннен кейін, шар еткізіп қоңырауды басады. Екі жас қонақ шошып кетіп, үрписе қалады. Ақмарал жаутаңдап, үй иесіне қарайды.

      Баймырза: Қорықпаңдар. Қане, былайырақ тұрыңдар, есікті ашайын, бұл дәу де болса, осы үйдің кемпірі шығар.

      Сыртқы есік ашылады. Есіктің көзінен үстіне шалының тонын желбегей жамылған талшын көрінеді. Қолында – қоқыс салуға арналған пластмасса шелек.

      Талшын: Ойбай-ай, масқара!.. Көше толы – солдат, мілитса. Алаңға жиылған жастарды қуып жатқанға ұқсайды. Әлгі көктігілгір мусор салатын контейнерді домуправ төменгі көшенің қиылысына апарып тастапты, ауланың сәнін бұзады деп. Әзер жеттім. Біреу-міреу қағып кете ме деп, зәрем ұшты –ай тіпті.

      Баймырза: /сыртқы есікті кілттеп жатып/ Ә, қартайсаң да жан тәтті, ә, кемпешка?!

      Талшын: /тонын шешіп жатып/ Е, тәтті болмай! Қартайған адамға жан керек емес пе екен?..

      Кенет Талшынның көзі бір шетте не істерін білмей тұрған екі жасқа түсе кетеді.

      Талшын: ошып кетіп/ Ойбай, көтек!… Мына балалары кім тағы?..

      Баймырза: /әзілдеп/ Бұл сенің нағашыларыңның балдары. Жұрағаттарың.

      Талшын: Қайдағы нағашы?.. Менде нағашы бар ма еді?

      Баймырза: Ілгеріде Қытайға ауып кеткен нағашыларымыз бар деп жүретін едің ғой. Солардың үрім-бұтақтары болар.

      Талшын: Қойшы әрі, кісінің жынын келтірмей. Ата сақалың аузыңа түссе де, әзілің қалмайды-ау. Одан да жөніңді айтпаймысың.

      Қайсар: Апай, біз…

      Баймырза: Бұ балдар әлгі өзің көрген жан алғыш солдаттардан қашып жүрген көрінеді. Демонстранттар. Алаңнан қашып шығыпты.

      Талшын: Ойбай-ау, алаңнан қашып шықса, бізде несі бар, үйлерне бармай ма?!

      Баймырза: Әй, кемпір, сен де қызықсың-ау, сол үйлеріне жете алмаған соң осында келіп отырған жоқ па? Бізге тамақ асырау үшін келіп отыр деп пе едің?..

      Талшын: Кім саған тамақ асырау үшін келді деп отырған. Қой, мен ештеңені білмеймін. Бір