9. Италияның шекараларын түзету айырмашылығы айқын көрінетін ұлттық шекаралар негізінде жүргізілуге тиісті.
10. Ұлттар лигасындағы орны сақталғанын және қамтамасыз етілгенін көргіміз келетін Австро-Венгрияның халықтары автономиялық дамудың барынша кең мүмкіндіктерін алуға тиісті.
11. Румыния, Сербия және Черногория босатылуға және басып алынған территориялар қайтарылуға тиісті. Сербияға теңізге еркін және сенімді шығу жолы ашылуға тиісті.
Әртүрлі Балкан мемлекеттерінің өзара қатынастары достық жолмен тарихи белгіленген ұлттық және тарихи қатыстылық қағидасына сәйкес анықталуға тиісті. Әртүрлі Балкан мемлекеттерінің территориялық тұтастығы мен экономикалық тәуелсіздігіне халықаралық кепілдіктер белгіленуге тиісті.
12. Оттоман империясының түріктік бөліктері, оның қазіргі құрамында қамтамасыз етілген берік егемендік алуға тиісті, бірақ қазір түріктердің билігінде отырған басқа ұлттар өмір сүрудің нақты кепілдіктерін және автономиялық дамудың мүлде бұзылмайтын шарттарын алуға тиісті. Дарданелл барлық ұлттардың саудасына және кемелердің халықаралық кепілдіктермен еркін өтуіне үнемі ашық болуға тиісті.
13. Тәуелсіз Польша мемлекеті құрылуға тиісті, оған күмәнсіз поляк халқы тұратын территориялардың барлығы кіруге тиісті, оған теңізге еркін және сенімді шығу жолы қамтамасыз етілуге тиісті, ал оның саяси және экономикалық тәуелсіздігіне, сондай-ақ территориялық тұтастығына халықаралық келісіммен кепілдік берілуге тиісті.
14. Ірі және ұсақ мемлекеттердің саяси тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығына өзара кепілдемелер жасау мақсатымен айрықша статустар негізінде ұлттардың жалпы бірлестігі құрылуға тиісті.
Международная политика новейшего времени в договорах, нотах и декларациях. Ч. 2. – М., 1926. – С. 108-110.
Германия үкіметі Америка Құрама Штаттарының президентінен бейбітшілік орнатуды өз қолына алуды, осы өтініш туралы барлық соғысушы мемлекеттерге хабарлауды және оларды келіссөздер бастау мақсатымен өкілдер жіберуге шақыруды өтінеді. Ол Америка Құрама Штаттарының президенті 1918 жылдың 8 қаңтарында конгреске жіберген жолдамасында және кейінгі мәлімдемелерінде көрсетілген бағдарламаны бейбіт келіссөздердің негізі ретінде қабылдайды. Алдағы уақытта қантөгісті болдырмау үшін герман үкіметі жедел түрде құрғақта, суда және әуеде жалпыға бірдей уақытша бітім жасауды өтінеді.
Международная политика новейшего времени в договорах, нотах и декларациях. Ч. 2. – М., 1926. – С. 178.