Автор: | Николай Сергеевич Лустов |
Издательство: | Издательские решения |
Серия: | |
Жанр произведения: | |
Год издания: | 0 |
isbn: | 9785005941442 |
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кемі үштілді болуы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруі тиіс» – деді және Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарымқатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. 2007 жылы ел президенті «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын кезеңді жүзеге асыруды бастауды ұсынған еді. Елбасымыз өзінің халыққа арнаған Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің: мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткеніндігі белгілі. Қазіргі таңда адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісі орын алғандықтан, білім беру саласында қайта қарастырулар болып жатыр. Сол себептен ақпараттық-коммуникативтік құзырлықпен қатар, полимәдениеттілік бүгінгі уақытта білім беру құзырлығының басты бағыттарының бірі ретінде анықталды. Қазіргі таңдағы ең басты міндет, көптілділікті мектеп қабырғасынан оқытып шығару – бұл мақсат аясында білім кеңістігінде даму тенденциялары байқалуда. Бұл тенденцияларға келер болсақ, алдымен, қарқынды реформаларды тілге тиек етуге болады, яғни білім саласының барлық деңгейін қамтитын және білім саласының өзгерісін бақылайтын жүйелік сараптама (талдау); екіншіден; бұл тенденция қатарына білім саласының әртараптануын (диверсификация) қосу; үшіншіден; білімді халықаралық деңгейге жеткізу, яғни дамыған мемлекеттердің өзара саясиэкономикалық ықпалдасуының арқасында ұлттық білім беру дәстүрін сақтай отырып, жалпы тұжырымдамасын құру. Негізінен жоғарғы мектептерде реформалау процесі көптеген жаңашылдықтарға алып келеді. Осы орайда айта кету керек, Қазақстандағы бірқатар мектептердегі деңгей модернизация тұрғысында Еуропаның көп елдеріндегі сияқты біршама қиындықтарды басынан өткеруде. Бірақ әлемдік білім беру іс-тәжірибесінде көптілді және билингвалды білім беру жаңалық емес, өйткені АҚШ пен басқа да көптеген Еуропа елдері, әсіресе соңғы жылдарда бұл бағытта үлкен жетістіктере қол жеткізгені ақпараттан белгілі. Осы ретте, Қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді және билингвалды білім берудің халықаралық іс-тәжірибесінде қолданыс тапқан модельдерін енгізу – жаңа педагогикалық проблема болып отыр, себебі ол жаңа жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс. Негізіннен «Үш тұғырлылық» жобасы аясында үш тілді тілді үйренуге біраз жағдайлар жасалуда. Бұл жоба елімізді әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылуға үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сонымен бірге осы тұрғыда айта кететін жайт, халық еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі екендігін білуі тиіс.