Психологиялық көмектің үшінші жолы – кеңес пен нұсқау беру. Біреудің өміріне араласып кеңес беру – үлкен жауапкершілік. Оның үстіне, кеңес алып жатқан адам үшін де, өте қауіпті. Клиенттерімнің арасында, психологтардан чемоданды жинап, күйеуін тастап кетуге бірнеше рет кеңес алған, тіпті психологтары солай етуге қоймай талпындырған әйел кісілер болды. Бірақ екі-үш рет пейнхантинг сеанстарынан кейін, бұл әйелдер мұндай шектен шығушылыққа бармай, қайта некелерін нығайтты, күйеулері де жақсы жаққа айтарлықтай өзгерді. Адамға кеңес берсеңіз, онымен не болады?
Ол жай ғана өз өмірі үшін жауапкершілікті сізге жүктейді! Бұдан ол күштірек, жауаптырақ және ақылдырақ адамға айналмайды. Қайта ол барлық проблемаларын сізге артып қоя беретін болады! Әрине, егер сізге адамға көмектесуден гөрі, ақша маңыздырақ болса, клиенттеріңізге кеңес беруді жалғастыра беріңіз, осылайша оларды үнемі сізден кеңес сұрап тұратындай дәрменсіз күйде ұстайсыз. Ал егер сіз пейнхантер болғыңыз келсе, адамдарға көмектескіңіз келсе, мына жайтты нықтап есте сақтаңыз: ешқашан кеңес бермеңіз. Пейнхантингтің мақсаты – сеанстардың соңында адам нақты шешім қабылдап, өз шешімі үшін жауапкершілікті сезіне алатындай, оны өмірдегі жағдайларға анағұрлым бейімделгіш ету.
Психологиялық көмектің төртінші жолы – жеке пікір айту және өз ойын тықпыштау. Мысалы, клиент сізге әкесі хабарламасына жауап бермегендіктен, онымен ұрысып қалғанын айтады. Сіз оған бұған катысты жеке пікіріңізді, яғни бұл жағдайда толысқан адам ретінде әрекет етпегенін айтасыз. Я болмаса бұл жағдайда әкесінің дұрыс істемегенін айтып, пікіріңізді білдіресіз. Бұлай ету мүлдем дұрыс емес! Неліктен? Өйткені сіз төреші емессіз! Прокурор емессіз. Сіз заңгер емессіз. Сіз оған көмектесуді қалайтын адамсыз. Сіздің оған ақылыңыз емес, жан жарасынан арылтудағы салмақты көмегіңіз керек. Не айтсаңыз да, сіздің пікіріңіз субъективті пікір болып қала береді әрі ол объективтіліктен өте алыс болады!
Классикалық психологиядағы тағы бір кең таралған әдіс – категорияларға, тұлғалық топтарға және үлгілерге сай болуыңыз үшін сізді «қыспақтауға» үздіксіз тырысып бағу. Сіз психологқа отбасыңызда қиындықтар бар екенін түсіндіресіз, психолог болса жауап ретінде сіздің «күлгін-ішек-интровертті» екеніңізді, ал әйеліңіз «қызылкүрең-бүйрек-рационалды» тұлғаға жататынын айтады. Бұлардың не қажеті бар? Олар пайдасыз ғана емес, сонымен қатар зиянды! Өмірде біз әртүрлі уақытта, әртүрлі күйде боламыз. Мысалы, мектепте сіз тұйық болдыңыз делік, мұның себебі сол уақытта ата-анаңыз ажырасып жатқан болатын. Содан кейін ата-анаңыз қайта қосыла бастағанда, сіз кенеттен ашық-жарқын болдыңыз. Сосын әкеңіз маскүнем болып, анаңызды күнде ұрғаны үшін ашу-ызаға берілдіңіз, кейін анаңыз жүрек талмасынан қайтыс болғанда депрессияға ұшырадыңыз. Демек, әр деңгейде сіз әртүрлі күйде