Бақыт жолы. Олжас Сеитов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Олжас Сеитов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Общая психология
Год издания: 0
isbn: 9785005686718
Скачать книгу
орындау – қиынға соғады? Неліктен психологиядағы көптеген әдістермен алынып тасталған жан азабы, кейін қайта оралады? Бұдан сіздің эмоциялық күйіңіз де бұрынғы қалпына оралады ғой. Сонда психологтар мен психотерапевттердің қателігі неде?

      1.10 тарау. Жан азабынан арылтудағы пайдасыз әдістер

      Адамдардың психикасымен жұмыс істеуде қандай басты қателіктер жіберіледі? Бұл жайтты барлық ерекшеліктерімен түсіну үшін өте жақын адамыңызбен айырылысқаныңызды елестетіп көріңіз. Осы орайда сізге көрсетілетін психологиялық көмектің бірнеше жолдарын қарастырайық.

      Біріншісі – жұбаныш. Өміріңізде бірдеңе сізді сарыуайымға салған және бұған катысты жұбаныш алған сәттердің барлығын есіңізге түсіріңіз. Осы кездері сізді жұбатқанына қаншалықты қанағаттандыңыз? Адам сізді толық түсінсе және сізді жарқын болашақ күтіп тұрғанына сендірсе ғана, оның жұбатуы шынымен сізге көмектеседі. Мысалы, егер сізді жақын адамыңыз тастап кетсе, жұбатушы сізге енді өз ісіңізбен айналыса алатыныңызды және өз-өзіңізге көңіл бөле алатыныңызд айтуы мүмкін. Немесе сол адам қазір емес, кейінірек тастап кеткенде, одан да сорақысы болар еді деп те жұбатуы мүмкін. Осы жағдайлардың бәрінде алдымен адамның не үшін қиналып жатқанын жақсы түсіну керек және жұбату үшін нақты аргументтер болуы керек. Сондықтан адамды жұбату сөздері 20—30% жұмыс істейді. Егер сіз нысанаға дәл тигізсеңіз, жұбатқаныңыз пайдаға асады. Ал егер олай етпесеңіз, біреуді жұбатам деп ызаландырып аласыз.

      Байқасаңыз, кішкентай кезінде баланы жұбату жақсы іске асады. Ертең Аяз ата келіп, барлық проблемаларды шешіп береді дегенге бала алданады да қалады. Немесе әкесі қайтыс болған баланы, әкең жақын арада сыйлықпен келеді деген тәтті үміт беріп жұбатқан да шығарсыз. Жұбанышқа мұқтаж адам алдында беделіңіз жоғары болса, жұбатуыңыз өте жақсы іске асады. Егер ол сізді қатты құрметтесе, жай ғана «бәрі жақсы болады» дегеніңіз оны гипноздық түрде тыныштандырады. Бірақ жұбаныштың шегі бар. Жұбаныш – бұл тәтті шай тәрізді, ол адамды бір-екі рет сергітеді, ал үшінші шыныаяқтан кейін сергітетіндей әсері болмайды. Кейін тіпті кері әсері басталады. Жұбаныш адамды ызаландыра бастайды. Сондықтан ата-анасының айтқан барлық ертегілерін түсінген жасөспірімдер, олардың жұбатуларын агрессивті түрде қабылдайды.

      Ал есейіп, есті болған сайын жұбаныш сізді мүлде қызықтырмайды. Бірақ, өкінішке орай, көптеген психологтар осы әдісті қолданады, осылай өз клиенттерін бірден шеттетеді. Психологтың адамға қиындықтарды тез жеңуге көмектескісі келетіні анық, бірақ клиент мұны теріс қабылдайды. Сізді жұбатуға тырысқан мейірімді психологтың консультациясынан кейін, сізде аралас сезімдер болғанын байқасаңыз, бұл шын мәнінде, көңіл түбінде өзіңізді алданғандай сезінгенсіз деген сөз. Сондықтан, психологтың тырысып, күш салғанына қарамастан, сізде жағымсыз дақ қалып қояды.

      Жұбаныштың ең басты қауіпі, ол бізді күшейтпейді. Қайта жұбаныштың әсерімен біз одан сайын дәрменсіз күйге түсеміз де түрлі қиялдарға