Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Историческая литература
Год издания: 0
isbn: 9785005549495
Скачать книгу
сөзді қосып айтқанды ұнатпайтын. Сондықтан жеке казактар атын ғана атады.

      – Ол жағын Колпаковскиймен ақылдасып шешіңіздер, – деді генерал-губернатор. Осымен сөзін бітірген еді. Одан кейін Карбышев сөйледі:

      – Бұл тапсырма сендерге ғана беріліп отырған жоқ. Біздің оязға қарайтын барлық болыстарға беріліп отыр. Мен Колпаковский мырзаға уезде қанша болыс барының санын бердім. Қай болыстан қанша жылқы жинайтынын өздерің білесіңдер. Жалпы, санын Герасим Алексеевичтің өзі айтады. Мен біздің Омбыдағы генерал-губернатордан рұқсат аламын. Қазір Кауфман мырзамен Санкт-Петербургке жүріп бара жатырмын. Сіздер патша тапсырмасын екі етпей орындайды ғой деп ойлаймын. Қанша жылқы керегін Герасим Алексеевич айтады. – Бұл сөзді екінші рет қайталап айтқан, сіздер соны толық жинап беруге басшылық жасайсыздар. Оны орындамағандармен мен келген соң әңгіме басқаша болады. Генерал-губернатор да сіздерге сенім көрсетіп отыр. – Бұл сөздің бәрін Карбышев қазақша айтқан болатын. Сөзінің соңында Колпаковскийге арнағандай етіп айтқан, – Герасим Алексеевич, мына болыстарға өз тілінде бәрін түсіндіріп айттым. Сіздің айтқаныңызды орындайды, – деді.

      Шоң Карбышевтің мұнысы қулық екенін, барлық жауапкершілікті болыстарға артып қойып, өзі сырт қалуды ойлап отырғанын білді. Ояз Шоңды оңаша шығарып алып айтқан: «Менің Санкт-Петербургке кеткенімді Қалимашқа жеткіз. Балалардың жағдайын білуге кетті де. Сен кейінге созбай еліңе келісімен, барып айт. Мына генерал-губернатор Кауфман патша алдында беделі бар адам. Менің бір шаруама көмектесетін шығар. Мен ол жайында жолай жақсылап айтамын. Сендер мені де, өздеріңді де ұятқа қалдырмаңдар. Ана қасыңдағы болыстарға жақсылап айт. Тапсырманы орындамаса, арты жақсы болмайды».

      Генерал-губератордан кейін пәуескеге мінді. Кауфман имиіп келген арық кісі екен. Бірталайға келіп қалған адам екені жүзінен көрініп тұр. Кәрілікті мойындап қалғанын Шоң сезіп тұр. Сірә, патшаға жақын немістердің бірі болар деп жорыған еді. Өйткені, патша маңайында отырған немістер көп екенін Шоң тарихтан жақсы білетін. Соңғы кезде немістердің кадірі түсе бастаған еді. Орыстардың ұлтшылдары мен еврейлер бой көрсете бастаған. Соған қарамастан, бұл адамды генерал Черняевтің орнына генерал-губернатор етіп қойып отыр. Сірә, патша алдында беделі әлі де бар адам болар деп бағалап, Шоң іштей өзінше қорытынды шығарды.

      Шоң білетін, Карбышевтың арманы Мәскеу түбіндегі әкесінің қонысына барып тұру, болмаса осы жылы жаққа ауысу болатын. І Петр патшаның тұсында атасы көзіне түсіп, Мәскеу түбінен қоныс берген еді. Әкесі Иванды Санкт-Петербургтегі Сенат алаңындағы офицерлердің көтерілісіне қатысқаны үшін Сібірге қуған екен. Енді бұл жақта қазақ жерін жаулап алуда жақсы істерімен көзге түсіп, кейін есаул болып, Ақмола бекетінің бастығы болғанын бірде Шоңға Карбышевтің өзі айтқан. Енді сол әкелерінен қалған қонысты алу жоспары болатын. Сол ойын жүзеге асыру үшін Санкт-Петербургке жүріп бара жатқанын білді Шоң. Аса жауапты, даулы мәселені өздеріне тастап кетіп бара жатқанын ұнатпады. Қарсы бір