Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Историческая литература
Год издания: 0
isbn: 9785005549495
Скачать книгу
ауырып отыр еді. Содан кейін Медеуге сұрақ берді.

      – Ана орыстар отырған жер бұрын кімнің жері болған?

      – Ол жер де, бұл жер де менің жеті атамнан келе жатқан жайлауым еді. Осы екі ара алыс емес, бірақ мына ара жазда да суықтау болады. Орыстар келді де сол жерге қоныстанып алды. Мені осылай қарай сырғытты. Жаз айларында бұл аралар малға таптырмайтын жер. Шөбі қалың болып өседі. Маса жоқ. Ал менің төменде, орыстардың ар жағында қыстауым бар. Жаз ортасы болмай, ыстықтан барлық шөбі күйіп кетеді. Малды көбейтемін деген ойыммен сол орыстар отырған жерге қыста да отыра беретін едім, орыс-казак келді де ол қонысымды алып қойды. Қазір Алатау қойнауындағы барлық тәуір жерді солар алып жатыр. Осы маңайдың рулары жайлаудан да, шабындықтан да тапшылық көріп отыр. Орысша білетін көрінесің. Ана бастықтарына біз туралы дұрыстап айтсайшы.

      – Медеке, олар менің тілімді алмайды. Ол жерді алғызып отырған патша. Оның саясатына ешкім қарсы келе алмайды. Біздің жақта да өзен бойларындағы тәуір жерлердің бәрін орыстар алып жатыр.

      – Бұл араға үлкен бекініс саламыз, сіздерді Қытайдан қорғаймыз дейді. Осы жерде тұрғалы талай шүршіт келіп, сауда жасап жүр. Бірі қоныстанған жоқ. Ал мына орыстар келіп қоныстанып алды. Өздерін қазакпыз дейді. Не тілі, не діні келмейді. Қандай қазақ екенін білмеймін.

      – Олардың үш қайнаса біздің қазаққа сорпасы қосылмайды. Қазақ емес, бұларды өзің біліп отырсың, казак-орыс дейді. Олар ол сөзді саясатпен айтып жүр ғой. – Содан Шоң қазак-орыс жайына бұларға да біраз әңгіме айтып берген еді.

      – Сонда бұларға не жасауға болады, – деп сұрады Медеу.

      Шоң жерін алып қойғанға Медеудің қатты қамығып отырғанын білді. Мына адамға айтар сөзі жоқтай көрінген еді. Сонда да бірдеңе айту керек екенін түсініп, өзінің әдеттегі, көп айтатын, заман сөзінен басады:

      – Заман бір қалыпта тұрмайды. Әуелде казіргі Қырғыз, Қаракалпақ, Татар, Түрікмен, Ұйғыр, Қазақ бір кезде үлкен ел болдық. Ел басқарушылардың ақылсыздығынан бөлініп кеттік. Қараңызшы, кеше қазақтың сыңарындай болып отырған өзбектер Қасым төренің екі баласы Есенкелді мен Саржанды өлтірді. Ауыз бірлігі болмағандықтан, халыққа ел билеген адамдары өз ойларына келгенін жасайды. Әрқайсысы өз алдына ел болып кетті. Ал мына орыстар казактарды өздеріне үйіріп алды. Бұл казактарда неше түрлі ұлттардың қаны бар. Қазір бәрі де өздерін казак-орыспыз деді. Міне, орыс патшасының саясатының күштілігі осындай. Біз бөлініп жатқанда, бұлар жат жұртты да өздеріне қосып алды. Келешек не болады? Кім білген… – Шоң елдегі адамдарға айтатын сөзін бұларға да айтқан. – Шамаларыңыз келсе, елу-алпыс үйден үлкен ауыл болып отырыңыздар.

      Міне, біз дүниенің жартысын жаулап алған қыпшақ елінен, мосының үш бұтындай болып үш жүз қалып едік. Орыс келіп оларды да бөле бастады. Әбілқайыр өз алдына хан болып кетті. Ана патша әйел Абылай ханды орта жүздің ғана ханы болсын деді. Енді орыстар Ұлы жүздің жеріне казак-орыстарды көшіріп әкеліп жатыр. Бұл алысқа кеткен жоспар, алысқа кеткен саясат. Ошақтың үш бұтының біреуі сынса не болар еді. Ол