Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Историческая литература
Год издания: 0
isbn: 9785005549501
Скачать книгу
беруге келісіп едім ғой. Сенсіз барсам ол не дейді?

      – Сен жүре бер, енді мен сенің пәуескеңе мінбеймін. Өзімнің салт атыммен барамын.

      Бұлар жүріп кетті. Әлсен өзінің атымен салт келе жатты. Ауылына жақындай бергенде пәуескені тоқтатты да атын Жойқынбекке берді. Пәуескеге Әлсен мінді. Божыны алды, әлі ашулы еді, алдында бір қалыппен келе жатқан аттарды қамшымен тартып-тартып жіберді. Бұрын мұндай қамшы көрмеген, есі шыққан екі ат ала жөнелді.

      Шоң үндемей отыр. Әйімкүлдің есі шығып кеткендей болды.

      – Әлсен, өлтіресің бе? Бәрінен бұрын қазір пәуеске аударылып, мына балаға жазым болады.

      Әлсен оны тыңдар емес. Аттарға қамшыны тағы басты.

      – Ештеңе етпейді, Шоң аман болса, әлі талай бала табасың!

      Шоң әлі үндемей отыр. Әйімкүлдің жаны шығып кеткендей болды. Аузынан сөз де шықпай қалған бір сәт. Әлсен сол аттың бар жүрісімен айдаған қалпы өз үйінің қасына келіп бір-ақ тоқтады. Шөміш көксау болатын, үй іші қапырық деп қысы-жазы есік алында отыратын. Пар ат жеккен пәуеске екпіндеп келіп есік алдына тоқтағанын жақтырмай қалды. Бірінші пәуескеден Әлсен түскен.

      – Әке, Телқозының баласы саған сәлем беремін деп келді.

      – Ол қай баласы?

      – Әлгі болыс болған баласы.

      – Атты айдап келген сол ма?

      – Тап өзі!

      – Телқозының мына баласы есірік екен ғой. Мені басып кете жаздады…

      Бұл кезде Шоң пәуескеден түсіп, асықпай басып, Шөміштің қасына келген. Сөздің шет жағасын естіп қалды ол. Дәнеңе де деген жоқ, келіп қолын алды.

      – Сен өзің атты қалай айдайсың?

      – Сізге сәлем беруге асығып айдадым.

      – Болыс болғандарға есірік тиеді деуші еді, сенде де сондай қасиет пайда болған тәрізді.

      – Сізге сәлем беруге асығып келдім деп тұрмын ғой.

      – Осы уақытқа дейін қайда жүрсің? Мынауың болыс болудың қызуы ма?

      – Иә, болыс болғандар солай жүреді. Мына балаң айтқан, әкем қалжау деген, содан кейін асығып келдім, сәлем беріп қалайын деп…

      – Жоқ, мен өлмеймін. Қорықпай-ақ қой. Қартайған өлмейді, ажал келген өледі.

      – Ерназардың үлкені менің бабам, қартайған адам жасы жеткен соң күнін санап отырады дейтін. Қартайғанға ажал жақын жүретін көрінеді. Бұлай сөйлегенді қойыңыз!

      Шөміш Жанкелді қайтыс болғанда ауырып қалып топырақ салуға бара алмаған болатын. Мына ұлы атасының атын атап алыстан әдейі шолып айтып тұрға болжаған Шөміш. Сөз таусылып қалғандай болды. Дегенмен, мына жас болысқа тигізіп бірдеңе айтқысы келді де:

      – Сені орыстар жайдан жай болыс қойып жүрген жоқ екен. Сен жеңдің, мен жеңілдім. Сөзіңнің қатесі жоқ…

      Шоң мына сөздің арғы түп-мағынасын түсіне қалды. Бірде әкесі сұраған: «Сені осы болыстыққа ояз қойды дейді. – Телқозы бұл сөзді елден естіген сөзіне байланынысты айтқан еді. – Сол рас па?» Шоң әкесінің бұл сөзіне ренжіп: «Осында өңкей билер сайлады ғой. Оны өзіңіз көрдіңіз!». Телқозының көкейінде «билер сені ояздан қорыққанынан сайлады» сөзі тұр еді. Оны айтпады. Ел әдейі Шоң ояз