БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ! 2 БӨЛІМ Өз тағдырыңды өзің жаз!. Нарша Булгакбаев. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Нарша Булгакбаев
Издательство: ЛитРес: Самиздат
Серия:
Жанр произведения: Философия
Год издания: 2021
isbn:
Скачать книгу
барыңызға қанағат етуге тура келеді. Сіз ендеше өмірдің (дүниенің) көп пайдасын, бағын, қызығын көргендерді қызғанудан, оларға қызығудан басқа амалыңыз жоқ. Есіңізде болсын: ішкі (себеп) жан дүниеңіз қандай болса сыртқы (салдар) орта айналаңыз сондай болады. Өмір өзені мəңгі ағып жатыр, оның сулары əрқашан мол. Кез-келген минутта біз оған шай қасықпен, кесемен, шелекпен немесе бөшкемен бара аламыз. Бізді шектейтін жалғыз нəрсе – бұл біздің ойлау (ойлану) қабілетіміз, сенім жүйеміз. Егер біз өзімізді лайықсыз, керексіз, жарамсыз деп өз-өзімізді гипноздауды, сендіруді доғарсақ, біз өзіміз қалаған нəрсені ала аламыз, арман, мақсатқа жете аламыз. Бірақ біздің қалау-ниетіміз түбінде қайырлы, берекелі болатындығына ешкім кепілдік бере алмайды, егер де біздің сеніміміз бен түсінігіміз жалған болса.

      СЕНІМ БІЗГЕ ҚАЛАЙ КЕДЕРГІ БОЛАДЫ

      Өмір бойы əрқайсымыз белгілі бір білім мен тəжірибе жинақтаймыз жəне сол жинап тергеніміздің негізінде біз өзіміз жайлы, басқа адамдар жайлы, жалпы өмір туралы, Құдай туралы екі маңызды ұғымды – сенім мен түсінікті қалыптастырамыз. Бала кезде сенім мен түсініктің, шын немесе жалған екендігі бізге маңызды болған емес, өйткені біз оған сендік, орта талабы сондай болды жəне олар өсе келе біздің шындыққа (өмірлік ұстанымға) айналды. Біз бала кезден жан құмарымен бәрін білгіміз келді және 5 сезім мүшесі арқылы (хауас салим) қоршаған ортадағы ақпараттың құлы болдық. Яғни біздің сенім мен түсінікті қалыптастыратын айналадағы қоршаған орта, ғылыми тілмен Эпигенетика. Адамның тағдыры текті тұқымына ғана емес, тұқымынан да жоғары дүниеге (ортаға) байланысты. Уақыт пен заманға байланысты. Олар қандай болса, сіз де сондайсыз.

      Есіңізде болсын: ішкі сөзсіз (ой) сыртқы сөз (тіл) шықпайды. Біз үнемі не айтып отырсақ (монолог болсын, өзіңмен сөйлесу, диалог болсын өзгемен сөйлесу), яғни не ойлап отырсақ, ол біздің шынайы бейнемізді, өзіміз жайлы ой-пікір, көзқарасымызды анықтап береді. Өзіңізді жəне басқаларды бір нəрсеге қабілетсіз екендігіне сендіре бастаңыз, сайып келгенде, бəрі оған сенеді («Құлдық Сана»). Көп елдерде осындай тендецияны байқауға болады, «Құлдық Сананы» қалыптастыру бағыты бойынша.

      Сіздің сенімдеріңіз шындық пен ақиқатқа сəйкес келе ме, жоқ па? Себебі олар сіздің өміріңіздің сапасын анықтайды. Өтірікке алдану, жалған идеяны ақиқат деп қабылдау, қате сенім мен түсінікті қалыптастыра бастайды жəне ешқандай сыртқы күштер бұған кедергі болмайды, керісінше қолдайды. Сыртқы күштерден сіз шынымен қаласаңыз, ешқандай кедергі жоқ, барлығы өзімізге жəне Жаратушымен байланыстың дұрыстығына байланысты. Мысалы, егер біздің санамызда өзіндік кемшілік туралы ой, оның мүмкіндіктері мен қабілеттері шектеулі екендігі туралы ой болса, онда ол ойлар біздің өмірімізді бұрыс, қате, теріс жолға қарай басқара бастайды. Бұл проблема ақыл-ойдың (сананың) өзгеруі, түзелуі, сауығуы арқылы ғана шешіле алады. Мысал келтірейін: қызанақ отырғызсаңыз – қызанақ өседі. Шешіміңіз өзгеріп, «Маған негізі қияр керек еді»