ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС. ФЭНТЕЗИ. Алтыншаш Курманаева. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Алтыншаш Курманаева
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Русское фэнтези
Год издания: 0
isbn: 9785005112996
Скачать книгу
ал, қағілездігін мен сараңдығын түлкіден кем болмауы шарт. Мақтағаным емес, осы күнге дейін мен жиырмаға жуық жан сатып үлгердім. Олардың кейбірі тіпті менің жеке тұрақты тұтынушыма да айналып үлгерді. Мәселен, өзінің қанішерлігімен әлемге өз зұлымдығын шашып үлгерген Ахромат – менің жеке тұтынушы десем артық болмас. Жоқ, неге артық болады екен? Менің ұлы күш иесі Ахроматтың арқасында осы елде атақты жан сатушы мықты саудагер атанып отырғаным өтірік емей, шыңдық емес пе? Ойбую, кешіріңіздер, мен сіздерге Ахроматтың кім екендігін айтуға ұмытып кетіппін ғой. Ахромат – түссіз, қанішер, қаракүш иесі. Ахроматтың бойында үш жүзге жуық жан бар. Бірақ олардың барлығы гүлдей қаусап, солып қалған». – деді жан коллекционері Қалтарыс үш немересіне әңгіменің жайын баяндап.

      Қалтарыс тапал бойлы, қарны қалпиған, басы тақыр, беті дөңгелек пішінді келген, қалқан құлақты, жасы елулер шамасындағы коллекционер қарт. Қалтарыс екі егіз ұлдың әкесі. Яғни, болған. Тұңғыш ұлы зұлым сиқыршылармен күресте қайтыс болған. Тұңғыш деп отырғанымыз, екеуі іс жүзінде егіз емес. Алайда, бір-бірінен оларды сіз ажырата алмайсыз. Бұл тек сиқыршылар елінде ғана болатын, сирек құбылыс. Оны – иллюзиялық-утопия деп атайды. Бала дүниеге егізінен бұрын келеді, бірақ кейінгі туылған бала одан да айнымайтын болады. Дәл соның клоуны сияқты. Ең қызығы, олардың ойы да сәйкес келуі ғажап емес. Былайша айтқанда, бір-бірінің ойын оқи алады, бірақ, егер, біреуі ауырып қалса, екіншісі ауырмайды. Жә, оны кейін баяндар жатармын. Ендігі, тұңғыш ұлдың прототипін суреттеп өтейін:

      Оның есімі – Дилан. Ерлікпен қаза тапқан, түрі Райлдан аумайтын, мақсатшыл, намысшыл, өжет бала еді ғой жарықтық. Ол да Райл айтқандай әкесінің жолын емес, сиқыршы болуды қалады. Қалтарыс ол кездері екі баласының әр ойын қолдайтын, күлімкөз жан еді. Сондықтан, үлкен ұлына еш ойланбастан-ақ батасын берген. Ақыр аяғы баласынан айырыларын білгенде ол бұндай қадамға еш бармас еді. Өткендегі қателікке жол бермеймін деп, екінші баласына сенім арттып отырып, оған дәл немерелеріне айтқан әңгімені баяндаған еді кезінде. Алайда екінші ұлы Райл әкесінің емес, ағасының жолын таңдады. Әкесі әңгімесін тәпіштеп айттып бітірген сәтте Райл әкесіне «Сиқыршы боламын!» деп тура сөзін айтты. Жүрегіне оқ болып қадалған сөзді көтере алмаған Қалтарыс айтауға болмайтын, сұм сиқыршының есімін шақырды. Ақыры, ол келді… Аяғы өзіңіз болжағандай, сүйікті оқырманым…

      Дилан да, Райл да әкесінің жолын қуған жоқ. Әкелері ұлдарының өзі сияқты жан коллекционері болатынын күтті. Алайда, тағдырдың тәлкек жолы оларды мүлдем басқа арнаға әкетті. Райл да ағасы Диландай соғыста көз жұмды. Алайда Райл мен Дилан арасында сәл де болсын айырма бар еді. Ол Райлдың артында қалар ұрпағының болуы. Дилан өмірден жар сүймей, не қыз атаулы сұлулық пен махаббаттың нышанына қызықпай өтті ғой жарықтық. Ал Райл ағасындай емес, эстетикалық күрделі сезімі бар сиқыршы еді… Оның сүйікті жары Асма Флордан Самиян есімді жалғыз ұлы қалды…

      ______________________________________________________________________

      1 Самиян – қазақ тілінің түсіндірме