Тұрақты жады – энергияға тәуелсіз жады түрі, ДК іске қосылған кезде жүктеледі және енгізу-шығарудың базалық жүйесін (ағылш. Bаsiс Inрut Оutрut Sуstеm, BIОS) құрайды. Бұл программалардың негізгі мақсаты: жүйенің құрамы мен жұмысқа қабілеттілігін тексеру және пернетақтамен, монитормен, иілгіш және қатқыл магниттік тасығыштармен өзара әрекетін қамтамасыз ету.
Винчестер (HDD).
Жинақтаушы қатқыл магниттік диск (HDD) – үлкен көлемді деректерді ұзақ уақытқа сақтауға арналған негізгі құрылғы (қатқыл диск немесе винчестер деп те аталады).
Қатқыл дискінің (винчестер) жылдам жұмыс істеуіне әсер ететін параметрлерді атап өтейік:
– дискілердің айналу жылдамдығы (минутына 4,5 айналымнан бастап 12000-ға дейін);
– кэш-жады сыйымдылығы (64 Кбайттан бастап 128 Мбайтқа дейін). Дискілік жинақтауыштарда деректер алмасуын жеделдету үшін Кэш-буфер бар. Кэш-буфер – Кэш-жадының үлкен сыйымдылығы, дискіден оқуға қажеті жоқ ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді. Қатқыл дискінің сыйымдылығы 6000 Гбайтқа дейін;
– орташа қолжеткізу уақыты (≈10-13 мс) – блок бастары бір цилиндрден екіншісіне ауысатын уақыт аралығы;
– бөгелу уақыты – блоктың қажетті цилиндрге позициялау кезінен бастап нақты секторға позициялауға дейінгі уақыт аралығы (жаңа секторды іздеу уақыты);
– алмасу жылдамдығы (секундына 30-216 Мбайт) – нақты уақыт аралығында жинақтауыштан микропроцессорге және кері бағытта жіберілуі мүмкін деректер көлемін анықтайды. Бұл параметрдің максималды мәні дискілік интерфейстің өткізу қабілетіне тең және қандай режим қолданылып тұрғанына тәуелді.
Дискжетек (Flорру).
Иілгіш магниттік дискілердегі жинағыштар (флоппи-диск) жүйелік блокта орналастырылған, иілгіш жинағышқа сақтау үшін қолданылатын дискжетек.
Дискжетектің негізгі параметрлері: өлшемі (3,5 және 5,25 дюйм), жазба тығыздығы (қарапайым SD, екілік DD және жоғары HD) және толық сыйымдылығы (1,44 Мбайт).
Дискжетек (СD-RОM).
СD-RОM жинақтағыштары – компакт-дискі негізіндегі тұрақты жады. Жұмыс істеу қағидасы: лазерлік сәуле диск бетіне сәуле түсіру арқылы сандық деректерді оқиды. Ақпарат тасушы СD-диск болып табылады (сыйымдылығы 650-700 Мбайт). Магниттік және компакт дискілердегі жазба жоғары тығыздығымен ерекшеленеді.
СD-R (Rесоrd) – «алтын» (жоғары сенімділік) бір рет жазуға арналған диск. СD-RW – көп рет жазып-өшіруге арналған диск (жуық шамамен 1000 рет).
Дискжетек (DVD-RОM).
DVD – сандық көп функциялы диск (ағылш. Digital Video Disc – цифрлық видеодиск; видео фильмдер, аудио, ойындар, энциклопедиялар және т.б.).
Жазба шифрын ашайық: SS (single-sided) – бір бағытта, DS (double-sided) – екі жақты, SL (single-layer) – бір қабатты, DL (dual-layer) – екі қабатты.
Flash-жады.
Flash (флэш) жады – жартылай өткізгішті, энергияға тәуелсіз, қайта жазып-өшіруге болатын арнайы жады түрі.
Қайта жазып-өшіру деректерді өзгертуге мүмкіндік береді.
Энергияға тәуелсіздік деректерді сақтауға қосымша энергияны талап етпейді (энергия жазбаларды жазуға ғана қажет).
Жартылай