Ақтөбе қаласының картасына сипаттама беріп, қаланың гүлденіп өскен кезеңіндегі тұрғындар санын шамамен жобалауға болатынын белгілі ұшақтан суретке тусіру маманы К.В. Шишкин өзінің мақаласында жазған болатын. Оның берген есебіне көңіл аударайық. Қаланың орталығына салынған құрылыстың көлемін 700 гектар деп алсақ. Таяу шығыстағы мұсылман елдері қалаларының тұрғындары бір гектар жерде 500 адам тұрған болса, осы есепті негізге алып, Ақтөбенің орталығындағы жердің көлемі 70 гектар десек, Ақтөбе қаласында 350 мыңдай адам тұрған. Тағы да мұсылман елдерінің есебі бойынша, бір гектар суармалы жерде 50 адам тұрса, Ақтөбедегі суармалы жердің көлемі 1500 гектар мөлшерінде. Олай болса, егістік жердегі қала тұрғындарының саны 75 мың адамдай болуы тиіс. Жиілете салынған үйлердің орны 1000 гектарға жетеді. Мұндай жерде 250 мың адам тұрған. Бәрін қосқанда, Ақтөбеде 675 мың адам өмір сүрген. Қала қорға- нының сыртындағы жерді қоса есептегенде, Ақтөбенің жалпы көлемі 150 мың гектар болса, қала тұрғындарының саны бір миллионнан асады. Бұл әдіс жалпы қала халықтарын есептеп шығару зандылығына қайшы келмейді [3]. Қазақстан жеріндегі ортағасырлық қалалардың археологиялық жақтан зерттеле бастағанына көп жыл болған жоқ. Сондықтан болар, әлі де еліміздегі ежелгі қалалардың тұрғындар саны ғылыми тұрғыдан шешілмеген мәселе. Оған қосымша «көшпелі қазақтардың» қалаларында тұрғындар аз болған деген жалған пікірлердің де әсері болуы тиіс. Бұл мәселеде К.В. Шишкин күрделі болжауын алғаш рет беріп отыр. Көптеген тарихшылар К.В. Шишкин келтірген демографиялық есепті шындыққа тура келіңкіремейді деген пікір айтады. Мұндай күмәнданудың да жөні бар сияқты. Бүгінге дейін Орта Азияда осынша көп адамдар қоныстанған қалалардың бар екенін ешкім жазбаған. К.В. Шишкин осы қаланы тарихта белгілі Алдыңғы Азияның ірі қалаларымен салыстырып,
Автор: | Коллектив авторов |
Издательство: | КазНУ |
Серия: | |
Жанр произведения: | Зарубежная образовательная литература |
Год издания: | 2014 |
isbn: | 978-601-04-0507-3 |
қорғанның ұзындығы – 52 шақырым. Қалаға кіретін бірнеше қақпалар (дарбазалар) болған. Бекіністің тек ішінде ғана емес, оның сыртында да көптеген қала тұрғындарының мекен еткені байқалады. Қоныстары үлкенді-кішілі төбелер болып қазірге дейін сақталған. Арасында табиғи төбелер кездеспейді, барлығы да қоныстардың қалдығы. Бұл тәрізді төбелер көп. Олардың аралары шамамен 25-80 м қашықтықта орналасқан. Бекіністің ішіндегі және сыртындағы сансыз төбелер қоныстардың орны болып, олар бір-бірімен тығыз байланыста екені анықталды. Қоныстардың жанында тұрғындардың қора-қопсылары, бау-бақшалары және тұрмысқа қажетті құрылыс орындары салынған. Қаланың тұрғындары қазіргідей баспаналарын көшенің екі жағына салған, ұшақтан түсірілген картада осы қоныс орындары, егістік жерлері, суару жүйелері және көшелер анық көрінеді. Қаланың төңірегін көптеген қарауыл төбелер қоршайды және олардың аралары 1-2 шақырымнан аспайды. Мұндай Бозжорға биіктігіндегі екі қарауыл төбені зерттедік. Төбелер Жеті жардың үстіндегі биіктерде бірнеше қарауыл орындары болған. Соған қарағанда сақшылар бір-бірімен дамылсыз хабарласып тұрған. Олардың кейбіреулерінің құрамын зерттегенде, төбелер саз балшықтан соғылғаны байқалды.