Радионың пішіндері мен жанрлары да үлкен эволюциялық жолдан өтіп барып қалыптасты, ол өз кезегінде телевизиядан тікелей көрініс тапты. Демек, осының өзінен журналистік ізденістер мен әдіс-тәсілдердің ортақтығы аңғарылады. Жалпы қоғамдық, саяси науқандарды, жарнама мен мәдени шараларды өткізу тәжірибесі ортақ. Билік органдарын сайлау болсын, музыкалық туындыны насихаттау болсын, белгілі бір тауарды жарнамалау болсын БАҚтарға ортақ міндет – халықты ақпараттық қамтамасыз ету. Әрқайсысы бір-бірін толықтырып, ортақ мүддеге қызмет етеді. Ал бүгінгі егемендік, тәуелсіздік жағдайындағы телерадионың мүмкіндігі шексіз артып, бет-бейнесі өзгеріп, бұл ортада да бәсекелестік күшейді, таңдау мүмкіндігі пайда болды. Әртүрлі бағытбағдардағы, стиль мен мәнердегі, пішіндік құрылымы өзгерген телерадиостанциялар көбейді. Телерадиоарна өз қаржысын өзі тауып, дамитын жағдайға жетті, шығармашылық шексіз мүмкіндіктер ашылды. Бүгінгі телевизия және радио адамның биологиялық, физиологиялық қасиеттерімен қоса оның жан дүниесін, яғни психологиясын да ескеретін бұқаралық ақпарат құралдарының бірі бола алуда. Телерадионың көптеген табиғи қасиеттерінің, әсіресе жеделдігінің арқасында ақпарат жеткізуде көш бойы озық тұр. Әсіресе радионың жеделдігі ерекше.
Радио тыңдарман үшін әмбебап ақпарат таратуымен де қолайлы. Ауа райынан бастап маңызды саяси оқиғалар, төтенше жағдайлар, экономикалық жаңалықтар, спорт әлеміндегі қызықты деректердің барлығы әуе толқынында тарап жатады. Бәсекелестік жағдайындағы телерадиостанциялар саны жылданжылға көбеюде, сондықтан да соңғы жылдары радионың хабар тарату бағытбағдары да өзгеріп, өз тыңдармандарын табу жолында солардың сұранысына орай маманданып, белгілі бір аудиторияға бейімделе бастады. Жастар, ересектер, балалар хабарларына қоса саясаткерлерге, экономистерге, заңгерлерге, т.б. қоғамға қажетті, сұраныстағы мәселелерге арналып та бүкіл қоғамдық өмірді қамтитын хабарлар, бағдарламалар қатары немесе форматты телерадиолар көбеюде. Бір радио жедел ақпарат