Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Клара Қабылғазы
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Культурология
Год издания: 2017
isbn: 978-601-04-2164-6
Скачать книгу
социалистік қоғамның көсемі В.И. Ленин: «Москвада оқылатын газетті бүкіл Россия тыңдайтын болады», – деп жазды.

      Ал бұл шаралардың жүзеге асуына Ресей телеграф агенттігінің әсері үлкен болды. Үстемдік құрушы мемлекет идеологиясының құрсауында болған Қазақ радиосы да қоғамдық өзгерістерге үн қоса алды, өзіндік сипатын сақтай алды. Қаншалықты тоталитарлық мемлекет дәрежесінде болғанымен де Ресей республикалардың ұлттық ерекшеліктерін дамытуға рұқсат бере отырып, үстемелеп өздерінің мақсаттарын орындап, көздеген межелеріне жетуге күш салды.

      1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кеңестік радио. Ұлы Отан соғысының басталуымен көптеген хабар таратушы радиостанцияларды батыстан шығысқа қарай эвакуациялау міндеті жүктелді. Бұл шараның әсерінен радиостанциялар жұмысы қысқа толқынға және үш арнадан бір арналық хабарға көшті.

      «Соңғы хабардың» ең алғашқы әскери саны неміс фашистерінің Ресейге шабуылы жөнінде үкімет хабарламасынан кейін 45 минуттан соң эфирге шықты. Осындай жедел ақпарат тарата білген ресейлік радиостанциялар 1943 жылы соғысқа дейінгі дәрежесінен асып түскен. Осы алғашқы ақпараттан бастап соғыс аяқталғанға дейін «Совинформбюроның» 7 мың корреспонденциясы берілген. 1941 жылдың 7 қарашасында жау Мәскеудің түбінде тұрғанда Ұлы Қазан мерекесіне арналған шерудің өткізілуі жайында репортаждың радиодан берілгені ел қорғаушыларының қайратын қамшылап, рухын көтеріп, жаңа ерліктерге бастағаны тарихтан мәлім. Демек, радиоэфирдің қуатты күші, мықты әсері, жүргізер тәрбиесінің ықпалдылығын баян етеді. Тіпті радиохабардың маңыздылығына, әсерлілігіне көңіл бөлінгендігі соншалықты Бүкілодақтық радио ақпараттарынан басқа арналарды тыңдауға рұқсат берілмеген. Сымдық хабар таратушы репродукторлардан басқа радиоқабылдағыштардың бәрін үкіметке өткізу жөнінде шаралар қолданған, өткізбегендерді жазалауға дейін барған. Мұның өзі бір ғана идеологияның үстемдік құруын, басқа насихаттың жүрмеуін қадағалау негізінде, Қызыл армияның даңқына нұқсан келтірмеу жолындағы әрекеттер екені аян.

      Бүкілодақтық радионың шығысқа эвакуацияланған себебінен және күшті радиостанциялардың көшірілуінің әсерінен Қазақ жеріндегі радио қызметі де жандана түсті. Қазақстандағы халық майдандағы хабарларды жиі әрі сапалы тыңдап отырды. Жамбыл ақынның «Ленинградтық өрендерім» өлеңінің сонау Ресей қаласының аспанында қалықтауы да осы таратушы станциялар жұмысының әсерінен деуге болады. Мәскеуде Левитанның дауысы қалай саңқылдап, жауды түршіктірген болса, қазақ жерінде Әнуарбек Байжанбаев дауысының құдіретті әсері елді ерлікке, еңсесін түзеуге шақырды.

      1943 жылдың 1 тамызынан бастап Бас қолбасшының кеңес жауынгерлерінің жеңісін жариялаған бұйрықтары беріліп тұрды. Бұйрық оқылған соң артиллерияға кезек берілді.

      Соғысқа дейінгі музыка және әдебиет бөлімі кейін бірігіп, әдеби драмалық хабарлар бөлімі деп аталды. Олардың негізгі