Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1636-9
Скачать книгу
басым көпшілігі бұл жаңа тәртіпті мақұлдады. Өйткені көптеген еңбек ұжымдары депутаттыққа кандидат етіп өздерінің қалаулыларын ұсынуға, ал кандидаттар бұқара халықпен кездесу барысында өздерінің бағдарламаларын таныстыруға мүмкіндік алды.

      Наурыз мерекесінен көрініс

      1988 ж. шілдеде Кремльдің Съездер сарайында Бүкілодақтық ХІХ партия конференциясында «Кеңес қоғамын демократияландыру және саяси жүйенің реформасы туралы», «Бюрократизмге қарсы күрес туралы», «Жариялылық туралы» қарарларының қабылдануы қоғамда демократиялық үдерістердің орнығып, одан әрі өрістеуіне кең жол ашты деп есептеуге болады. Әсіресе республикаларда орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар жөнінде жан-жақты айтылды. Осыдан келіп қайта құру әкелген жаңаша ойлау жүйесі қоғамның рухани әлеуметтік саласында белсенді позицияға ие бола бастады. Соның бір айғағы ретінде Қазақстан Жазушылар Одағы жанынан Арал мен Балқашты қорғау жөніндегі қоғамдық комитеттің құрылуының маңызы зор болды. Бұл қоғамдық комитет өз жұмысында Арал мен Балқаш мәселесін ғана емес, республикада қалыптасқан ауыр экологиялық ахуал туралы дабыл қақты. Араға 62 жыл салып қайтып оралған Наурыз мерекесі де жаңаша ойлаудың жарқын бір көрінісі болды. 1988 ж. мамырда Қазақстан астанасы Алматыда өткен Орта Азия мен Қазақстан театрларының аймақтық Наурыз фестивалі соның бір айғағы деуге әбден болады. 1989 ж. Наурыз мерекесі республика көлемінде кең өрісті, мол әсерлі, қуанышты аталып өтті.

      Келесі бір оң қадам Кеңестер Одағы өз әскерін Ауғанстаннан шығара бастап, оны 1989 ж. 15 ақпанда аяқтады. Ауғанстандағы соғыс елге жыл сайын 5 млрд сом шығын әкеліп отырған болатын. Бұл соғыс Қазақстанға соқпай өткен жоқ. Әскерді шығару Кеңестер Одағының әлемде беделін біршама өсірді. Кеңес-Қытай қатынасы жақсарды. Бірақ КСРО әлі де болса бұрынғысынша орасан мол армия мен әскери-өнеркәсіп кешенін ұстап отырды3.

      Әкімшіл-әміршіл жүйе саясатының тоқырау идеологиясы мен психологиясы мәдениет, әдебиет, өнер салаларының жағдайына да әсер еткені белгілі. Бес арыс: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердиев мұраларымен танысу өз ұрпақтарына қайта құрудың арқасында ғана мүмкін болды. Репрессия құрбандары мен казармалық саясаттың құрбандары болған асыл ағаларымыз бен апаларымызды ақтап алу осы жариялылық тұсында жүзеге асырыла бастады.

      Міне, осындай реформалық өзгерістердің әсерімен республикаларда ұлттық сана-сезімнің өсуі, халықтың өзін-өзі танып білуі, дербестікке ие болу, саяси қару тізгінін өз қолдарына алу жөнінде митингілер, бас қосулар жиірек бой көрсете бастады. Ұлттық-территориялық аймақтардың кейбір жерлерінде орталықтың жүргізіп отырған саясатына әлсін-әлсін қарсылықтар көрсетіліп жатты. Орталық ведомстволар жергілікті аймақтардағы жүргізіп отырған билігінен бірте-бірте айырыла бастады.

      1990 ж. наурызда Қазақ КСР Жоғарғы кеңесіне сайлау


<p>3</p>

Сайлан Б.С. Ауғанстан ақиқаты // Қазақ тарихы. – 1996. – № 4. – 51 б.