Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: История
Год издания: 2016
isbn: 978-601-041633-8
Скачать книгу
бас тартып, Крездің ұсынған жоспарын орындауға кіріседі. Ол өзеннің арғы бетіне өтіп, әскери қосын құрады да, онда әскерінің әлсіздерін қалдырады. Сақтардың бір тобы қоста қалған парсы әскерлерін талқандап, дайын асты жеуге кіріседі де, шарап ішіп ұйықтап қалады. Осыны пайдаланған парсылар ұйқыда жатқан сақтардың біразын өлтіріп, көбін тұтқынға алады. Сол тұтқындардың ішінде Томиристің ұлы Спаргафис те болады. Мұны естіген Томирис Кирге елші аттандырады. Ол Кирдің ашық шайқаста емес, тек айламен ұлын жеңгендігін айыптап, тұтқындарды босатуын талап етеді. Және ешқандай жазаланусыз сақтардың жерінен кетуді бұйырады. Егер сен бұны істемесең, қанша қанға тойымсыз болсаң да, мен сені қанға тойдырамын дейді.

      Кир болса, бұл сөздерге ешқандай мән бермейді. Томиристің ұлы Спаргафис болса, шараптан айыққаннан кейін не болғанын түсінеді. Ол Кирден қолын босатуды сұрайды. Қолы босасымен Спаргафис өзіне өзі қол жұмсайды. Кирдің тыңдамағанын байқаған Томирис парсы патшасымен ашық айқасқа шығады. Бұл шайқас сол кезеңдегі ең қатыгез ұрыстардың бірі болып есептелген. Шайқасқа шыққан екі жақ алдымен садақпен атысады. Жебе таусылғаннан кейін парсылар мен сақтар семсерлесуге кіріскен. Айта кетерлік бір жайт, сақтардың өте мықты мерген екендігін ескерсек, онда шайқастың осы бөлігінен кейін-ақ парсы әскерлерінің қатары біршама сиреп, олардың рухы түсіп, соғыс қорытындысының қалай аяқталғандығы сезілген. Міне, осылайша сақтардың басымдығы байқалады. Шайқас барысында әлемді билеуге ұмтылуымен өзіне көр қаза бастаған Парсы империясының негізін қалаған Ахемендік Кир II қаза табады. Патшасынан айырылған парсылар шегінуге кіріседі. Томирис шайқас даласындағы өліктер арасынан Кирдің өлігін тауып алады да, оның басын қан толтырылған қапқа салады. Сақтардың парсыларға деген ашуына қарамастан, олар Кирдің денесін құрметпен Персопольге аттандырып, парсылардың өз патшаларын жерлеуге мүмкіндік береді.

      Ахемендік империя мен көшпелі сақ тайпалары соғыстарының бірінші кезеңі қорытындысының тарихи маңызы өте зор. Себебі көшпенділер – парсы державасының, яғни жаулаушылардың тегеурініне төтеп берген тұңғыш ел. Жеңілмейтін Парсы империясының бытыраңқы көшпелілерден жеңілуі әлемді таңғалдырды. Ахемендік державаның сүйегіне таңба басылды.

      Кирдің өлімінен кейін таққа оның мұрагері Камбис келеді. Камбистің тұсында империяның сыртқы саясаты әрі қарай жалғасын табады. Кирдің арманы болған Мысыр елі парсыларға бағынады. Бірақ көп ұзамай сарай төңкерісі орын алып, билік басына Кирдің туысы, яғни Ахемендік әулеттен шыққан Дарий І келеді. Ол Парсы империясының сыртқы саясатта ұстанған бағытын толығымен құптап, оны әрі қарай жалғастырады. Алайда Дарий патша таққа отырысымен мемлекетте билікке қарсы көтерілістер орын алады. Бұл жайлы Бехистун жазбаларында айтылады. Сонымен Дарийдің билік басындағы алғашқы жылдары көтеріліс ошақтарын басумен өтеді. Ал енді Кирдің үлкен жеңілісі Ахеменид державасының сағын сындыра алмады. Ол да Кир тәріздес билеуші деспот ретінде танылды. Дарий өзіне